Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қан айналым жүйесі

Bilimger Media
3 мин оқу 200 оқылым
Сабақтың тақырыбы:    Қан айналым

Бөлімі: Жанды табиғат. Адам.

Мектеп: №28 ІТ мектеп – лицейі

Мұғалімі: Жекебаева А.К.

Күні: 29.11.2019 ж.

Пәні: жаратылыстану Қатысқандар   саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 3.2.3.4. қан айналым жүйесі мен  оның адам ағзасындағы рөлін сипаттауды үйрену.
Сабақ  нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындап,  берілген сұрақтарға  жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Бағалау  критерийі қанайналым жүйесін құрайтын мүшелердің орналасуын және қызметін біледі.
Тілдік мақсат Білім алушылар:

қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын айтады;

қанайналым жүйесі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр.

Құндылықтар жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және сақтаудың маңызын түсінеді.
Пәнаралық байланыс әдебиеттік оқу, дене шынықтыру
АКТ қолдану

дағдылары

презентация
Алдыңғы меңгерілген білім Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс –әрекет Ресурстар Бағалау түрлері
Сабақтың басы

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

* Қызығушылықты ояту.

- Балалар, алдыларыңдағы парақшадағы сөздеріңді  жұптасып құрастырып, оқып жіберіңдерші.

-  Асқорыту жүйесі, тыныс алу мүшелері, жұтқыншақ, өкпені шынықтыру, тыныс алу жиілігі.

- Бұл сөздер туралы не айтуға болады?

- Адамның ағзалары.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді мен жұмбақ жасырамын.

Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (жүрек)

-Енді бейнероликке назар аударайықшы.

– Балалар, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып көрейікші.

-Сабақтың тақырыбы «Қанайналым жүйесі» деп аталады. Енді сабақ мақсатын қояйықшы.

(Ойларын тыңдап, сабақ мақсатын оқыту.

қағаз  қиындылары

слайд

бейнеролик

сабақ мақсаты,

тақырыбы

Жаңа білім

5  минут

Білу және түсіну.

1. Ой қозғау.

-  Балалар, жүректі көбіне жүректі моторға теңейді. Мұндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың?

( Оқушылардың ойларын тыңдау.)

- Қолдарыңды кеуделеріңе қойып тыңдаңдаршы.

- Не сезіледі?

-Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын  сеземіз.
- Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?

- Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр. Жүрек – бұлшық ет.

Тұжырым: жүрек –бұлшық ет.

практика жүзінде жасау

Ортасы 

10 минут

5 мин.

-Балалар, мына суретке қарайықшы, қан айналым жүйесі деп нені айтады деп ойлайсыңдар? (Жауаптарын тыңдау.)

-17-ғасырда атақты ағылшын дәрігері, ғалым Уильям Гарвей жаңалық ашты. Ол ағзадағы қан тұйық шеңбер бойымен қозғалатынын дәлелдеген.

Оқылым. (Оқулықпен жұмыс.)

-Қантамырлар туралы толық мәліметтер оқиық.

-Күретамырдың қызметі қандай екен?

--Көктамырдың қызметі қандай?

-Қылтамырдың қызметі қандай?

Мақсатқа оралу.

Дәптермен жұмыс.

Cәйкестендір. Сызықпен қос.

Дескрипторы:

1.Күретамырдың қызметін таба алады. 2.Көктамырдың қызметін таба алады. 3. Қылтамырдың қызметін таба алады.

Топпен жұмыс.

1-топ. Тапсырма: «жүрек» туралы 5 жолды өлең құрастырыңдар.

Бағалау критерийі: өлеңді құрылымына қарай дұрыс құрастырады.

2-топ. Тапсырма: күретамырдың қайда орналасатынын көрсет және атқаратын  қызметін атаңдар.

Бағалау критерийі: күретамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін  жазады.

3-топ. Тапсырма: көктамырдың қайда орналасатынын көрсет және атқаратын  қызметін атаңдар.

Бағалау критерийі: көктамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін  жазады.

4- топ. Тапсырма: қылтамырдың орналасу ретін анықтап, атқаратын  қызметін  атаңдар.

Бағалау критерийі: көктамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін  жазады.

5-топ. Тапсрма: қанайналым жүйесін

құрастырыңдар.

-Мақсатқа оралу.

 

сурет

портреті

оқулық

жауап парақшасы

А-3 парақтары, түрлі түсті фломастер (постер қорғайды)

бірін–бірі бағалайды

әр топ бірін-бірі бағалайды

Әр топ бір-біріне кері байланыс береді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Шынығамыз қимылдап!»
Сабақтың аяқталуы

Сабақты бекіту.

2 минут

Жұппен жұмыс.  «Болжамыңды ұсын» тапсырмасын орындайды. парақша

арқылы

Бағалау

3 минут

Кері байланыс

3 минут

Тест жұмысын орындайды. кері байланыс парағы
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.
Саралау.  Тапсырмаларға жауап алу.

1.»Жүрегі тас төбесіне шықты» деген нені білдіреді?

2.Жүрек жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек?

 
Рефлексия.

5  мин

Стикер арқылы «Менің көңіл күйім» суретіне жапсырту.   «Өздерін бағалау»        арқылы орындарынан тұрғызамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым