Мазмұнға өту

«Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы

Bilimger Media 2 мин оқу 46 оқылым

«Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы

         ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОҚУ  АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ»  БАҰО»  АҚ  филиалы РКДИ ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында 2023 жылы 24-сәуір-05мамыр аралығында «Білім беру ұйымдарындағы аға –тәлімгердің кәсіби құзіреттілгін дамыту тақырыбында біліктілік арттыру курс өткізілді.Курс жеткшісі  Өрлеу" БАҰО АҚФ РКДИ  "Менеджмент және Инклюзивті білім беру" каферасының аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжекул Зарлыхановна педагогтерге дәріс берді.

Педагогтердің біліктілігін арттыратын «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру жұмыстарын жоспарлауға және ұйымдастыруға байланысты кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған. Курс мазмұнды,тиімді және қажетті білімге толы болды. Соның бірін айта кетсем білім саласындағы волонтерлік және қайырымдылық қызметінің мақсаттары мен міндеттері, білім беру ұйымындағы волонтерлік және қайырымдылық шараларды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын оқып білу міндеттері талқыланды.  Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз.

Ел Президенті Қ.Тоқаев «ҚP Пpeзидeнтi peтiндe мeн әpқaшaн вoлoнтepлapдың қoзғaлысын қoлдaйтынымды жeткiзeмiн. 2020 жылды Вoлoнтepлap қoзғaлысының жылы дeп жapиялay тypaлы ұсыныстapыңызды тoлығымeн қoлдaймын. Epiктiлep – жaны тaзa aдaмдap. Oлap – eлдiң шынaйы пaтpиoты, сoл үшiн дe құpмeтiм шeксiз. Бeлсeндi aзaмaттық ұстaнымдapыңыз мeмлeкeттiң дaмyынa aйтapлықтaй сeптiгiн тигiзeтiнi сөзсiз».

2020 жыл Еріктілер жылы деп ресми жарияланған еді.

Волонтерлік қызмет – әлеуметтік бағытталған ерікті, еркін ерік білдіру бойынша орындалатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет.

          ВОЛОНТЕР - ерікті түрде, өз ниеттерін негізге ала отырып, қоғам игілігі үшін жұмысқа қатысатын адам.

ВОЛОНТЕРЛІК – басқа адамдардың игілігі үшін ақы төленбейтін, саналы, ерікті қызмет. Осы қарапайым анықтамаларда терең мағына бар және жеке алынған ұйымда немесе ұлттық деңгейде волонтерлікті дамытудың жетістігі оларды түсінуге тікелей байланысты.

Осыған орай, 25 курс қатысушыларынан құралған «Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы құрылды.  28 сәуір күні: Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімнінің №17 орта мектепе КММ директорының қатысуымен қайрымдылық іс-шара өтіліп курс қатысушылар атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасы білім алушыларына Аз қамтылған ,көп балалы, толық емес отбасы мектеп оқушыларына жазғы лагерьге қажетті заттар алуға  көмек берілді.

Қайырымдылықтай асыл қасиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин