Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Қайырымдылық – қадірлі іс.

Эльмира
3 мин оқу 562 оқылым

Алматы қаласы
Алатау ауданы
«№177 бөбекжай-балабақшасының»
меңгерушісі Нуршаева Эльмира.

Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып
тумайтыны сияқты, қайырылымдылық пен жаман қылық та
адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әл-Фараби.

Қайырымдылық, жақсылық жасау – парасаттылықтың, тәрбиеліліктің, имандылықтың, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала¬сын¬дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.
Қазақ халқы ежелден жомарт¬тығымен танылған. Ұрпағына қайырымды¬лықты жастайынан үйретіп, адам¬гершілік қасиеттерге баулуға ұмты¬лады, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғас¬тырып, ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тұрмысы нашар отбасы¬ла¬рын, талантты бала¬ларды қорғап, қолдаса дейміз.
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Ғаламтордағы мәліметтер мен соғыс ардагерлерінің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақ халқы да бірінші күннен соғысқа қатысты. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Сондықтан Ұлы Жеңістің – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!
Осы орайды өз тәжірибемізді ортаға сала кетсек. Жыл сайын 9-мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында балабақшамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылып, ертеңгілік соңында ардагерлерге сый-сияпат тарту етілетін. Бірақ биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған жұмыстарымыздың жүзеге аспай жатқандығы баршаға мәлім. Әйтсе де Алматы қаласы «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырған қамқорлық, қайырымдылық акциясы болды. Бұл акция барысында меңгерушілерге аудан ардагерлеріне азық-түліктер тарату тапсырылды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қонысов Тілепалды, Иванова Евдокия Николаевна, Кейдарова Сайкуль Айдамировнаның шаңырақтарына барып, азық-түліктерді тапсырып, ардагерлердің өнегелі әңгімелерінен әсер алып қайттым.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жандардың жасын сүртіп, жылы лебіздеріңді аямай, қолдан келген жәрдемдеріңді ұсынып, достық пейілдеріңді танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымды білдіремін,- деп Қонысов Тілепалды атамыз өз ризашылығын білдірді.
Алатау ауданындағы мемлекеттік балабақшалар меңгерушілерінің бірлігі мен ұйымшылдығының нәтижесінде азық-түліктерді ардагерлерге уақытында жеткізуге мүмкіндік берді.Тек жақсылық жасауға бағытталған шаралары¬мыздың жемісін көру бәріміз үшін қуаныш болды.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бүгінгі «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған Алматы қаласы «Nur Otan» партиясының Алатау аудандық филиалының ұжымына айтар алғысым шексіз. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Эльмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Ұстаз – ұлы тұлға

Материалда ұстаздың бала тәрбиесі мен біліміндегі орны, шәкіртке ықпалы және кәсіби ізденістің маңызы сөз болады.

Эльмира 7 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 451 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым