Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кіріктірілген оқу қызметі "Ертегілер еліне саяхат "

Автор

Эльмира
3 мин оқу 61 оқылым

Акоразова Эльмира Сембаевна Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балаларға  ертегінің желісін, мазмұнын түсіндіру, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы жауапкершілікке, табандылыққа және балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Міндеттер:

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, сахналық көрініс бойынша рөлді жауапкершілікпен ойнауға үйрету.

Тәрбиелілік: Балаларды бірлікке, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Залға кіру. Амандасу.

Жүргізуші: - Балалар сіздер ертегіні жақсы көресіздерме?

-Иә

Ондай болса ертегілер еліне саяхаттап келейік (Әуен қойылады).

(Ақшақардың  дауысы)

«Көмектесіңдер, көмектесіңдер! Достар мен Ақшақармын.                                                                   Мені ертегілер еліндегі Мыстан кемпір сиқырлап тастады. Балалар маған сендердің көмектерің қажет. Көктем  мезгілі болса  жақындап қалды, мен еріп кететін болдым. Сиқырдан құтқарыңдааааар»

Мыстан кемпір: Ха-ха-ха, Неге жиналдыңдар?

А-а-а қап бәлем, білем,білем.

Сендер Ақшақарды құтқармақшысыңдарғой?

Көктем болмақ, жаз келседе, мен оны жібермеймін. Ха-ха-ха...Жоқ жоқ сендер мені алдаймын деп ойламаңдар! Ақшақарды құтқару үшін  сендерге  бірдеңе ойластырып қоюым керек. Ммммм , сонымен не ойластырсам екен. Сендерді де біраз қинап алуым керек қой. Аааа  таптым таптым, ендеше  алдымен менің тапсырмамды дұрыс орындауларың керек, сол кезде ғана Ақшақарды босатамын, ха-ха-ха .  Дайынсыңдарма? Ааааа

Менің тапсырмаларым үйшігімде.

Үйшігім қайдасың, үйшік  ортаға кел, кел. (Үйшік келеді.Үйшікті еркелетеді Мыстан)

Мыстан кемпір:Үйшігім мына балаларға ең қиын тапсырмаларды бер, жарайма! (Үйшік отырып тұрғанда жұмыртқа түседі)

1-тапсырма «Сауат ашу » бойынша

(үйшік жұмыртқа салады, онда бір тапсырма бар)

Д/о «Сөз құра» ана, ата, әке, ел, ән,

Мыстан: ой бұл оңай болған сияқты, мен қазір тапсырманы қиындатайын.

Қазір, қазір... Отан, бала, дала. Бұлар бәрін біледі. Тұра тұрың мен әлі сендерге тапсырманы қиындатамын.

2-тапсырма  «Математика негіздері»

(Үйшік жұмыртқаны тастап кетеді)

«Резинкелерден геометриялық пішіндер жасау»

Төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш,  трапеция.

Екі-екіден тұрып, қолда жасау, Артынан аяқпен жасау.

Қап бұл тапсырманы да орындап тастадыңдар.

Бірдей болып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық!.

3-тапсырма  «Жаңылтпаш айт жаңылмай!»

(Үйшік жұмыртқаны теуіп жібереді)

1.Моншақты тақты оншақты,

Оншақты болды моншақты.

2. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.

3.Торта қойдым

Орта қойдым,

Орта қойдым

Жорта қойдым.

4-тапсырма «Логикалық сұрақтар»

(Үйшік қыдырып жүреді де, жұмыртқаны тастап кетеді)

1.Тауық өзін құспын деп айта алама?

Жауабы: Жоқ,ол сөйлемейді.

2.Бір қасқырдың 2 мүйізі бар

Үш қасқырдың неше мүйізі бар?

Жауабы: Қасқырдың мүйізі болмайды.

3.Алма ағашында 5 алмұрт  өсіп тұр, соның екеуін мен алдым нешеуі қалды.

Жауабы: Алма ағашында алмұрт өспейді.

4. Шатырда 7 көгершін отыр, 1 көгершінге тас лақтырып едім, неше көгершін шатырда қалды?

Жауабы: Бәрі ұшып кетеді.

7. Ешкі:

-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін, сол кезде есік ашыңдар дейді. Осы кезде терезе сыртында тұрған арыстан оның сөзін естіп қалады.

«Нейрогимнастика» (музыкалық)

1,2,0,5 санын қолмен көрсету, шапшаңдықпен орындау. Кері қарай жасау: 5,0,2,1

Үйшікті шақырады. Жұмыртқа салады.

5-тапсырма. «Әдемі сөздер айту»

Мұнда гүлдің әрқауызын  әдемі сөздер айтып жинақтау яғни гүлді құрастыру. Мыстан кемпірге әдемі сөздер айту.

(Әдемісіз, сұлусыз, кереметсіз, мейірімдісіз, ғажапсыз, сүйкімдісіз, данасыз, ақылдысыз, көркемсіз, гүлдейсіз, көріктісіз, ажарлысыз, әсемсіз, ақкөңілсіз)

Мыстан кемпір: Оййй, балалар, рахмееет, мен өзімнің осындай әдемі, сұлу, көрікті екенімді жаңа біліп отырмын, тек қана Ақшақар емес менде сұлу екенмін ғой.  Жақсы, жарайды, сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, мен Ақшақарды босатайын. Үйшік Ақшақарды алып кел.

Ақшақар: Балалар көп  көп рахмет сіздерге. Көктем болмай солтүстікке жететін болдым. Қатты қорықтым еріп кетемінбе деп. Рақмет балалар.

Мыстан кемпір: Иә, балалар барлық тапсырмаларды орындады. Сондықтан екеуміз бір бірімізге ренжімей дос болайық, жарайма.Барлығымыз достық әнін шырқайық.

Ән: «Достық»

Ақшақар: Мыстан, балалар мен еріп кетпей тұрғанда Аяз атаға жетейін.

Мыстан: Тоқта тоқта, сен солтүстік полюске  ұзақ жол  жүресің! Мен сені Сиқырлы үйшігіммен апарып тастайын! Ал балалар сендер жарадыңдар!  Қош көріскенше достар!

Тәрбиеші: Балалар бар білімдеріңмен Ақшақарды құтқардыңдар, енді біздің балабақшаға оралатын кез келді, сиқырлы әуенмен өзіміздің балабақшамызға барайық.

Қорытындылау: Балаларға сұрақ қою, мадақтау, мақтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Эльмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Ұстаз – ұлы тұлға

Материалда ұстаздың бала тәрбиесі мен біліміндегі орны, шәкіртке ықпалы және кәсіби ізденістің маңызы сөз болады.

Эльмира 32 оқылым 7 мин
Балабақша

жылдық жоспар

2021–2022 оқу жылына арналған дефектолог маманының жоспары ЕБҚ балаларды диагностикалау, түзете-дамыту сабақтарын өткізу және ата-аналарға кеңес беру бағыттарын қамтиды.

Эльмира 165 оқылым 6 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин