Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қайырымдылық – игі істердің бірі!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Султанова А.М.
2 мин оқу 101 оқылым

Ізгілік жасаудың көрінісі адамның қасиетінің бірі. Ұрпаққа адамгершілік, имандылық, мәдени құндылықты бойына сіңіру, баулу үлкендеріміздің парызы. Осы қасиеттерді жастар бойына сіңіре отырып, игі істерді, қайырымдылықты жасауға талпынады. Жүректерін имандылыққа, парасаттылыққа бейімдеу әрбір азаматтың жадында сақталу қажет. Қайырымдылық іс-әрекетін жасау ең маңызды мәселе ретінде қарастырғанымыз жөн. Әрбір адамдарға жылы сөйлесеңіз елжіреп, көңілі көтеріліп қалатыны анық. Сол сияқты мұқтаж жандарға қолдан келгенше барынша байланыста болып, өмірге деген көзқарастарын оятып, көмек қолын созу адамзаттың игі іс-әрекеті деп білеміз. Қазіргі таңда жастар сапалы білім ала отырып, көптеп қайырымдылық шаралар жүргізуде. Әр тұлға өмірде бір-біріне жанашырлық танытып, қайырымды-мейірімділік жасап, көмек қолын созса - қамқоршы бола алады. Міне осы қамқоршы бола отырып, тұлға ретінде жастарымыз жаңа мүмкіндіктерден қалыс қалмай, түрлі ЖОО-да игі істер атқаруда. Кәсіби білікті ғылыми, және педагогикалық мектептердің, университеттік дәстүрлердің басты көзі бола білген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Білім ордасында әр түрлі жобалар, патриоттық және тәрбиелік сонымен бірге, «Қайырымды қоғам» атты челлендж іс-шаралар жиі өткізіледі. «Қайырымды қоғам» челленджін қолдау негізіндегі мақсаты мұқтаж жандарға, отбасына үміт сәулесін силап, көмек қолын созу. Осындай жастардың ниетімен игі істер жасалса Білім ордаларымыз әлі де биік шыңдарға жететініне сенеміз! Сонымен қатар, Әр қалада белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары сияқты ұйымдар көптеп жұмыс атқарады. Яғни, оның мақсаты қарттарға сонымен қатар, мұқтаж жандарға әлеуметтік-мәдени демалысты ұйымдастыру және зейнеткерлерді оқыту сияқты іс-шаралар жасалады. Орталықтарда егде жастағы адамдарды белсенді өмірге тартуға бағытталған әр түрлі қызықты бағдарламалар өткізіледі. Ұйым қызметкерлері.студенттер егде жастағы адамдарға смартфондар мен компьютерлік сауаттылықты меңгеруге көмектеседі, сонымен қатар сандық технологиялар мен Интернет кеңістігінің әртүрлі қосымшаларын түсінуге көмектеседі. Өз кезегінде, зейнеткерлер жастармен ықыласпен сөйлесіп, олардың өмір тарихымен бөліседі.
Елімізде қайырымдылық қорлары көптеп саналады. Қорлардың негізгі мақсаттары
Қоғамда азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту; мейірімділік, гуманизм және өзара көмек қолын созу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың, балалардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған және т.б.
Қайырымдылықтың сауаптылығы өте зор, мол сауапка кенеледі. Ниеттеніп қамқорлық жасау, жақсы істерге бет бұру әркімнің азаматтық парызы деп білеміз.
Өзге жандарға жомарттылықты таныту, көмектесуді әдетке айналдырсақ имандылығымыз одан да арта түседі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
аға оқытушысы Султанова А.М.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Султанова А.М.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ЖОО орнын бітірген жастардың жұмыс орнына орналасуы жоғары қарқындылыққа ие ме?!

Мәтінде ЖОО түлектерінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы, жастарды қолдау бағдарламалары және ауылдық жерлердегі жұмыссыздық мәселелері сөз болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Султанова А.М. 2 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 77 оқылым