Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Python бағдарламалау тілі

Akbope
2 мин оқу 209 оқылым

Бағдарламалау тілі (гр. programme — нұсқау, хабарлау) — бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін және хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Бағдарламалау тілі— мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды (жасанды) тіл. Бағдармалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Қазіргі кезде ең көп тараған тіл Python.

Python – заманауи, жоғары дәрежедегі бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалаы функциялардықамтиды. Python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру, электронды поштаны оқу, ойындар құру. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Python тілінің негізгі ұғымдары  –  өрнек, оператор, функция, айнымалы,  сан,  жол,  тізім,  логикалық  шамалар,  типтерді  түрлендіру,  кодтың  орындалуын басқару,  блок,  шартты  өрнек,  цикл,  шартты  цикл,  тізім  циклі,  кластар,  объектілер, түсініктемелер, модуль, пакеттер, импорттау, стандартты кітапханалар, сыртқы кітапханалар, Notepad ++ мәтіндік редакторы ұғымдары мысалдар негізінде талданған.

Python тіліндегі объектіге бағытталған программалау (ОББ) дегеніміз – жалпы алғанда, негізгі тұжырым-дары объектілер мен кластар болып табылатын программалау тілі. Осы тұжырым тұрғысынан қарасақ, класс дегеніміз –  деректердің жиынтығы. Кластарды қолдану программалауды жеңіл-дету үшін абстрактілі тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Осы тұжырымның негізгі ұғымдары:

Полиморфизм:  әртүрлі объектілерде бір операция әртүрлі функциялар орындауы мүмкін.

Инкапсуляция: оның көмегімен объектінің ішіндегі кейбір артық ішкі ақпаратты сыртқы ортадан жасыруға болады.

Мұрагерлік: базалық кластар негізінде арнайы кластар құруға  болады. Сол арқылы кодты қайталап жазудан арылуға болады.

Композиция:  объект  бірнеше  объектіден  құралған  құрамдас    күрделі  объект  болуы мүмкін.

Python тілінің мүмкіндіктері: Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер:

  • xml/html файлдарымен жұмыс жасау;
  • http сұраныстар жасау;
  • GUI (графикалық интерфейс)
  • Веб-сценарийлер құру;
  • FTP-мен жұмыс жасау;
  • Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау;
  • Робототехникада қолдану;
  • Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б.

Соған орай  python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады.

Python тіліне басқа тілдердің ықпалы. Python тілінің кешірек шыққандықтан оған көптеген тілдердің ықпалы болды. Мысалы келесі тілдердің:

  • ABC— операторларды топтаудың шегіністері, жоғары деңгейлі деректер құрылымы. (Python тілі шындығында келегенде, ABC ОББ тілін жобалауда кеткен қателіктерді түзету үшін құрылған тіл болатын);
  • Modula-3— бумалары, модульдері;
  • С, C++— біршама синтаксистік конструкциялары;
  • Smalltalk— объектіге бағытталған программалау;
  • Lisp— (lambda, map, reduce, filter и другие) функционалды программалаудың айрықша белгілерін;
  • Fortran—массивтер, кешенді арифметика;
  • Miranda— тізімдік өрнектер;
  • Java— logging, unittest, threading модульдерін,sax стандартты библиотекасын, finally және except-тің ескерпелерді өңдеудегі біріктірілген қолданылуын;
  • Icon— генераторларын.

Python тілінің басым бөлігі (мысалы, бастапқы кодтың байт-компиляциясы) бұрынырақта басқа бағдарламалау тілдерінде іске асырылатын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Akbope

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым