Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 2 028 оқылым

Ебілхан Мендігүл

Психологиялық коучинг

  Тақырыбы:  "Мен ғажайыппын"

 "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын

                  ойнамағандықтан қартаямыз."

Бернард шоу

Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың

алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

 Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.

                                                                    Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"

2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)

3.Оқушы көзімен

4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"

5.Жаттығу "Комплимент"

6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Психолог:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді.   Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің  бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.

Психолог: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет".  Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.

Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады.  Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.

Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.

Келесі  жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен,яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ -  бастауыш оқушылары, екінші топ -  жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып,көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің  төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.

Психолог: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.

"жоғары сынып оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.

 Психолог: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл,қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл,осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.

Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп  кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.

Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.

Психолог: Кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік  бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

Авторы
Ебілхан Мендігүл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Жастар қоғамды өзгерте алама?

Жастар қоғамды өзгерте ала ма? Түйін сөздер: жастар, қоғам, азаматтық белсенділік, волонтерлік, көшбасшылық, білім, әлеуметтік жауапкершілік, қоғамдық өзгеріс, болашақ ұрпақ. Аңдатпа: Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы…

Жанна Абдирашова 5 мин
Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 26 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 105 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 45 оқылым