Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Психологиялық диагноз

Bilimger Media
2 мин оқу 802 оқылым

Түркістан облысы

Арыс ауданы

М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш пән мұғалімі:

Сарбалаева Ншанай Спабековна

Психологиялық диагноз

Психологиялық диагноз (гр. diagnosis - танып білу) — дәрігердің жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап, анықтауға бағытталған қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық қараудың міндеттеріне орайлап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Психологиялық диагноздың пәні — қалыпты күйдегі, сондай-ақ патологиядағы даралық-психологиялық айырмашылықтарды анықтау. Педагогикалық диагноздың аса маңызды элементі — әрбір нақты жағдайда қаралушының мінез-құлқында белгілі бір көріністердің неліктен байқалатынын, олардың себептері мен салдары қандай қажетті екендігін анықтау. Психодиагностиканың құралдары арқылы белгілі бір даралық-психологиялық ерекшеліктерді анықтаған зерттеуші дегенмен, олардың себептерін, жеке тұлғаның құрылымындағы орнын тікелей көрсете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Выготский нышандық (немесе эмпириялық) диагноз деп атайды; ол белгілі бір ерекшеліктерді не нышандарды көрсетумен шектеледі, осылардың негізінде тікелей практикалық қорытындылар жасалады. Выготский мұндай диагноздың анығында ғыльіми емес екенін, өйткені нышандарды анықтағаннан диагноз өздігінен жасалмайтынын атап көрсетті. Педагогикалық диагноздың дамуындағы екінші кезең этнологиялық диагноз болып табылады; мұнда жеке бір тұлғаның белгілі бір ерекшеліктерінің болуы ғана емес, неден болған себептері де ескеріледі. Ең жоғары деңгей — типологиялық диагноз, ол алынған мәліметтердің жеке тұлғаның тұтас, динамикалық бейнесіндегі орны мен маңызын анықтауға саяды. Диагноз болжамдаумен ажырағасыз байланысты. Выготскийше болжам мен диагноздың мазмұны ұқсас, алайда болжам даму процесінің өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын терең білуге, өткені мен қазіргісінің негізінде даму жолын анықтауға жеткізеді. Болжамды жекелеген кезеңдерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созылатын қайталама бақылаулар жасалу ұсынылады. Психологиялық диагноз теориясын дамыту отандық психодиагностиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар: Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылда.Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады..

Психодиагностикалық мәселелер.  Жалпы психодиагностиа мәселелері белгілі бір мөлшерде диагностика және психология бөлімдерінен шығады. Бірақ практик психологтар бұл мәселелер туралы нақты мәліметке ие болуы керек, себебі мәселені нақты білу негізінде, нақты әдістер таңдалады. Ерекшеліктер тек мәселелерде ғана емес психодиагностика ситуацияларында да көрініс табады. Бұл әртүрлі клиент ситуациясы және экспертиза ситуациясы.                                                                    Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы келеді.Екінші ситуациябұл жерде адам «экспертизаға» түсетінін біледі және өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар қайтарады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым