Мазмұнға өту

/Психолог сандықшасы/

Нұртаева Шолпан 2 мин оқу 292 оқылым

«Мектепке дейінгі шағын орталығы

бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-психолог

Нұртаева Шолпан Нұртайқызы

Шағын орталықтағы тәрбиеленушілермен арт-терапия элементтерін жүргізудің тиімділігі

/Психолог сандықшасы/

"Әрбір бала - суретші.

Балалық жастан өтіп, суретші 

болып қалу - басты қиындық"

                                                                                       Пабло Пикассо     

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың жан-жақты толық психикалық дамуын қамтамасыз ету.

         Міндеттері:

-Білім беру саласында әр балаға дер кезінде психологиялық көмек пен алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

-Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту.

-Арт-терапия элементтері арқылы баланың өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру.

         Күтілетін нәтиже: Мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың жан-жақты толық психикалық дамуын, ұсақ қол моторикасындағы                                дамуын арт-терапия элементтері арқылы қалыптастыру.

Көптеген кіші мектеп жасындағы балалар өзінің ойын, қобалжуын сөзбен жеткізуге киналады. Олар үшін өз ойын жеткізудің оңай жолдары ойын барысында, бейнелеу  өнері немесе шығармашылық белсенділіктің басқа да фомаларымен байқалады.

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Арт терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету.

Шағын орталықтағы балалардың үйлесімді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның мынадай бағыттарымен жұмыс жүргізудің маңызы зор:

           Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
           Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін тануға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясы - балаларға үлкен мүмкіндік, баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады. Сәби құммен ойнап отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Құмен ойнағанда бала қателесуден қорықпайды. Қарапайым ойнау әдісін іске асырады.

        Манкамен жұмыс - қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған.

        Музыканың терапиялық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.

- біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.

- екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл күйімен байланыса отырып, адам бойында белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.

      Арт-терапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Нұртаева Шолпан

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин