Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Президент - ел тірегі"

Изтурганова Гульмира Ордабаевна
2 мин оқу 351 оқылым

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

«Теңге бөбекжай-бақша» тәрбиеші Изтурганова Гульмира Ордабаевна

№2 «Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу тәрбие жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұ.О.Қ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».

Мақсаты: Елбасымыздың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Рәміздермен таныстыру

Дамытушылық: Патриоттық сезімін дамыту

Тәрбіелік:Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже; жасайды: өз елінің президентін тани білу

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, лепбук, көрнекілік.

 

Ұ.О.Қ.

 

Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті

 

I Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер:

Армысың, қайырымды аспан ата!

Армысың, мейірімді жер ана!

Армысың шұғылалы алтын күнім!

Армысың, балабақша дос – жараным!

 Әнұран

 

II  Негізгі бөлім

-Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызыметіміз қызықты өтпек,

себебі бүгін – Президент күні.

-Балалар, бүгінгі  тақырыптық  ашық оқу қызыметіміздің тақырыбы «Президент – ел тірегі».

- Балалар, біздің отанымыз қалай аталатынын білемізбе?

- «Қазақстан» дұрыс. Біздің ұлтымыз қазақ.

- Балалар, кім отанымыз туралы мақал-мәтел біледі?

Ф.Ислам   Отан – оттан ыстық.

Нұрсұлтан

К.Жайна     Отан отбасыдан басталад.

- Жарайсындар

- Ал енді балалар, біздің тұңғыш Президентімізбен  танысайық.

Слайд.

Әбішұлы Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде Нұрсұлтан Назарбаев біздің президент болып тағайындалған. Қазақстан үшін сіңірген еңбегі өте зор.

Елбасы туралы тақпақтар.

С.Кәусар     Елбасызым жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

С.Алиәскер    Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Сергіту сәті:

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге

Тұрғанымды қалайды.

Рәміздермен таныстыру.

Ойын «Құрастыру».

- Балалар, сендерді Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жұмыстарының бірімен таныстырайын.

Ұлы даланың – жеті қыры.

1.      Атқа міну мәдениеті.

2.      Ұлы даладағы ежелгі металлургия.

3.      Аң стилі.

4.      Алтын Адам.

5.      Түркі әлемінің бесігі.

6.      Ұлы жібек жолы.

7.      Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.

Алма мен қызғалдақ туралы «Лепбук» арқылы түсіндіру, әңгімелеу, ойын ойнау.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, енді сендерді біздің жаңа Президентімізбен таныстырайын. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең алғашқы президенттік жұмысының бірі елордамыз Астананың атын тұңғыш президентіміздің атымен атап «Нұр-сұлтан» деп өзгертуі.

 

III  Қорытынды бөлім

- Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізде не білдік? Экранға қарап еске түсірейкші.

Тосын сәт:

Қоңаққа Томпақ  келді.

- Сәлем балалар, менің атым – Томпақ. Мен сендерге ғаламшардан ұшып келдім.

- Сәлем Томпақ.

- Мен сендердің топтарыңда ашық оқу қызметі болып жатқанын естіп қалдым. Сендердің бүгінгі тақырыпта не үйренгендеріңді білгім келеді.

- Кәнекей балалар Томпаққа бүгін білгенімізді айтып берейік.

- Қандай керемет, рақмет балалар. Сіздің отаныңыз туралы коп нәрсе білдім. Сендерге тағыда қонаққа келемін, келесі кездескенше сау болыңыздар.

- Сау бол Томпақ!

- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?

- Ендіше қоңақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Изтурганова Гульмира Ордабаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым