Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Портрет жанры. Портрет түрлері

Кубенгалиева Назгул Орынбаевна
2 мин оқу 158 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Визуалды өнер

Мектеп: «Б.Қаратаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Пән: көркем еңбек    Сынып: 6 Мұғалімнің аты-жөні: Кубенгалиева Назгул Орынбаевна
Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Портрет жанры. Портрет түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6.1.3.1. Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:портрет жанры мен портрет түрлері туралы біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:портрет жанры мен портрет түрлерін жасауда ақпарат көздерін қолданады;

Кейбір оқушылар:портрет түрлерін өз бетінше орындайды;

Сабақ барысы
Сабақ кезеңі Педагог іс-әрекет Оқушы іс-әрекеті бағалау Ресурстар
Сабақтың басы «Қол  жесті» әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызу;

Топқа бөлу «Адасқан әріптер» әдісі

1-топ  «Портрет»      2- топ «Жанр»    3- топ «Портрет түрі»

1 тапсырма. «Жасырын суреттер» әдісі  арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

- суреттерде кімдер бейнеленген?

- адамдардың суретін салу қалай аталады?

-суреттерде қандай түстер қолданылған?

Оқушылар шеңберге тұрып, топқа бөлінеді.

Портрет жанрының түрлері

Парадтық  .Камералық .Топтық

Миниатюрлік .Тарихи .Серуендік- портрет

Отбасылық .Діни портрет. Автопортрет

Оқушыларға сұрақ қойю арқылы білімін тексеру.

1.     Бейнелеу өнерінің түрлерін атта?

2.     Кескіндеме, оның жанырлары туралы айт?

3.     Пейзаж деген не?

4.     Натюрморт қандай мағынаны білдіреді?

5.     Тақырыптық сурет туралы айт?

ҚБ «Қол сигналы» әдісі

оқулық

қима қағаздар

суреттер

Сабақ ортасы

Портрет- бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.

Салтанатты портрет- арнайы сәнді киінген, сымбатты адамды бейнелейді.

Камералық портрет – адам қарапайым, табиғи қалыпта бейнеленеді.

Топтық портрет – екі немесе бірнеше адам бейнеленеді.

Жұптық портрет – ерлі-зайыптылар, туған- туыстар,жолдастар бейнеленеді. Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

Ой шақыру.

Картиналарды қарастырып, келесі сұрақтарды қою ұсынылады: :

·       Картинада не байқап тұрсыздар?

·       Неге бұл картиналар портрет деп аталады?

·       Портрет дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар?

·       Бұл картиналарда адамдардың бейнесі қалай бейнеленген?

·       Портреттің қандай түрлерімен таныссыңдар?

·       Суретшілер қандай визуалды элементтер қолданған?

·       Сіздер қалай ойлайсыздар, «визуалды элемент» дегеніміз не?

3  Бұл картина арқылы қандай идея және көңіл- күй берілген? Суретші бізге не айтқысы келді

2- тапсырма. Топтық жұмыс «Сұраққа жетіп алу» әдісі.

1)     Портрет жанрына сипаттама беру

2)     Портреттің түрлерін атау;

3)     Ақпарат көздерін пайдалану арқылы оқулықтағы кез келген портретке таныстырылым жасау

3-тапсырма. Саралау тапсырмасы «Портрет» әдісі

Жеке жұмыс: Портретке адамның бет бейнесін  салу

 Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады

Дескрипторлар:

Оқушылар портрет салу ережелерін  біледі;

Портрет салудағы эстетикалық талаптарды орындайды;

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

постер, маркер

А3  қағаз, қарындаш

Сабақтың соңы Кері байланыс:     «Бір сөзбен» стратегиясы Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кубенгалиева Назгул Орынбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым