Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Пейзаж. Қыс көрінісі

Bilimger Media
4 мин оқу 646 оқылым

Сабақтың мақсаттары: а) Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап INSEPT әдісі.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Оқушылармен өзіндік жұмыс
V Сабақты қорыту
VI Бағалау

I Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II Жаңа сабаққа даярлық Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Қыс көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

III Жаңа сабақ
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері) Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма) Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,

Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

«Перспектива» латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.
Сурет салу 3 - кезеңге бөлінеді.

1 - кезең - Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. 1 - ші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. 2 - ші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағашты, шыршаны, қояндарды көрсетеміз. Екі қоян салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық, көлемі үлкен болып саналады.

2 - кезең - Тау, ағаш, шырша, өзен, көпірдің көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары, сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 кезең - Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады. Тест үлгілері: 1. Балама жауаптары бар тест 2. Таңдамалы тест 3. Толықтыруды қажет ететін тест.
Тест үлгілері:
I Балама жауаптары бар тест.
1 Негізгі түстер - үшеу
а) иә б) жоқ
2. Акварель - суда еритін мөлдір бояу
а) иә б) жоқ
3. Белгілі көңіл күйді беретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы
а) иә б) жоқ

II Таңдамалы тест
1. Түстер шеңберінде бір - біріне қатар орналасқан бояу түстері
а) қарама - қарсы түстер
ә) қосымша түстер
б) жақын түстер
2. Бояу араластыратын тақта
а) пастель
ә) палитра
б) нобай
3. Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы
а) ожау
ә) кесепқап
б) торсық

III Толықтыруды қажет ететін тест
1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
Балама жауаптары бар тест
1. а)
2. а)
3. а)
Таңдамалы тест
1. б)
2. ә)
3. б)
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Натюрморт
2. Живопись
3. Нобай

V Сабақты қорыту: Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. Қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды INSEPT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
Білемін
Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Қыс мезгілінің қызықтарын.
Үйрендім
Пейзаж «Қыс көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді пайдалануды.
Білгім келеді
Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын.

VI Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым