Мазмұнға өту

Педагогикалық шеберлік.

Shamshat 3 мин оқу 80 оқылым

Педагогикалық шеберлік.
«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек». Ахмет Байтұрсынов

Педагогикалық шеберлік -бұл баланың қабілетін, шығармашылығын, ой-танымын жан-жақты дамытуға оқу-тәрбие жұмысының барлық түрін бағыттай алатын кәсіби қабілеттілік.
«Заманына қарай адамы» деген сөз халық арасында жиі айтылады. Бірақ, сол заманды, қоғамды жасайтын – адам. Жасай алатын, өзгерте алатын жасампазды дайындау – педагогтің шеберлігіне байланысты. Ағаш жемісімен, ал адам ісімен бағаланатынын ескерсек, шебер - өз ісінде жоғары өнерге қол жеткізген, өз ісіне тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін салып, өз әрекетін жаңаша және ерекше етіп жасайтын, сонымен қатар өз ісін жетік білетін адам. Шеберлік – білім мен біліктіліктің ең жоғары деңгейі. Шебердің әр жасаған дүниесі, әрекеті өнер. Ал, өнер – автордың өзінің ғана емес, басқа адамдардың да мүдделерін көрсететін шығармашылық әрекет. Тәрбие мен оқыту егіз ұғым. Екі іс-әрекетті бөліп, жарып қарауға келмейді. «Тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиеден. Тәрбиесіз тән қандай азса, тәрбиесіз ел де сондай азбақ» деп жазған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов.
Менің өз өмірімде, кәсіби жолымда шебер ұстаздар жиі кездесті. Ол кісілердің шеберлігі, яғни көргенде, естігенде, бергендері ішкі сезімді селт еткізіп, көңілімде таңба, із қалдырып, ұстаздық жолды таңдауыма негізін салды десем болады. Мектеп қабырғасында қазақ әдебиеті мұғалімі Құттығыз Бейімбетқызының әсерілеп әңгімелеп, айтып берген шығарма, әңгімелері менің әлі күнге дейін есімде.
Балалармен тәрбие жұмысының барлық түрін ұйымдастыра отырып, шебер педагог өзінің тәжірибелік мүмкіндіктерін толық пайдаланады. Нәтижесінде педагогтің шәкірті сана-сезімі жоғары, адамдық қасиеттерді бойына сіңірген, өмірдің әр түрлі саласында белсенді бола алатын адам қалыптасады.
Педагогтың шығармашылығы тәрбие мен білім берудің әртүрлі әдістерін, кәсіби білім мен тұлғалық қасиеттерін, тәрбие мен оқыту процесінде, әр жолы жаңа және негізделген түрде барынша тиімділікпен қолдана біледі. Сонымен қатар ол педагогикалық идеяларды, оқыту мен тәрбие іс-әрекетінің әдістерін жасауда және стандартты емес міндеттерді шеше білуінде де көрінеді. Шебер педагог нақты педагогикалық жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, теория мен практикада жинақталған жаңаның барлығын өз тәжіірибесінде қолданады.
Қазіргі уақыттың балаларын қажетті, пайдалы істермен баурап алатын, оларды ұйымдастыра алатын және жетістікке жете алатын іскер, нағыз кәсіпқой ұстаздар қызықтырады. Мақсаты айқын, жаңашыл педагог өзімен бала арасындағы қарым-қатынаста бала бойында тәртіптің, бастамашылдықтың болуына көмектеседі.
Педагогикалық өнердің маңызды құрамдас бөлігі – педагогикалық әлеуметтану, психология, физиологияда жинақталған бала туралы терең білім. Тәрбие мен оқытуда әзірленген ғалымдардың деректерін, қорытындыларын, ұсыныстарын саралай отырып, дені де жаны да сау, айналасын сүйетін, сезіне білетін, қорғай алатын тұлға дайындайды. Баланы зерттеушілікке, адамзат жинаған тәжірибені құрметтеуге дайын азамат қалыптастыра алады.
Педагогикалық өнердің тағы бір бөлігі - баланың жеке ерекшеліктерін және балалардың өзара қарым-қатынасының қандай екенін сезе білуі.
Өнертану, сахна, дыбыстық сөз өнері салаларынан алынған мәліметтерді де меңгерген шебер педагог, әдебиет өнерінің ұсыныстарына сүйене отырып, мінез-құлық, қимыл-қозғалыс, ым-ишара, интонация арқылы балаларды өзіне тез баурап, қызықтыра біледі. Осы біліктілігінің көмегімен баланың өз ойын анық, шынайы жеткізуіне, әсемдікті сезіне білуіне барынша әсер етеді, дұрыс бағытқа жетелей алады.
Қорыта келе, бала тәрбиесі мен оқыту тек қана шеберлікті, ал шеберліктің өнер ретінде болуы маңызды. «Өнерлі өрге жүзеді» дейді халқымыз. Болашағымыздың жарқын әрі тыныш болуы барша адамзаттың мақсаты. Осы мақсатқа жетудің айқын жолы – дұрыс жолға қойылған бала тәрбиесі мен оқыту ісі. Себебі, біздің болашағымыз – балалар!
Педагог-психолог Нурмаханова Шамшат Баянғалиқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Shamshat

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин