Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Педагогика

Bilimger Media
2 мин оқу 625 оқылым

Шынтемір Ақерке

Педагогика гректің 2 сөзінен тұрады: «пайс»-бала, «эгейн» - жетектеу, яғни баланы жетектеу деген мағынаны білдіреді. Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайларға сай адамның даму заңдылықтарын зерттейді. «Адамға ең бірінші тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» - демекші педагогиканың негізгі салаларының бірі тәрбие болып табылады. Педагогиканың 4 саласын жақсы меңгерген тұлға нағыз маман болып саналады.

Баланың тұңғыш ұстазы оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін себетін мұғалім. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы демекші оқушының бойына шынайы білік, білім дағдыларын дамытып, зердесіне ғылыми негіздерін құйған, сөйлеген сөзі, істеген ісі, білімі терең, жан жақты, шәкірттеріне беделді, үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Ұстаз адамның өмірге көзқарасын, сенімін, өмірде өз жолын таба білуге адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер ойшыл тұлға.

Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа формация мұғалімдерінің гуманистік тәсілдері мен этикасын ашып айтып кеткендей, әрбір ұстаз оқушыны бақылаудың орнына әзілдеп, кінәлаудың орнына ынталандырып, мәжбүрлеудің орнына кеңес беріп, ауыстырудың орнына сенім білдіріп, айқайлаудың орнын әзілдеп, кінәлаудың орнына қорғап, бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп қолдау жасауға ұмтылу керек деп ойлаймын.

Әр педагог әрқашан өзінің әдістемелік деңгейін көтеріп және педагогикалық әдепті сақтауы керек. Әрдайым әдепті ұстаз басқа адаммен болсын, оқушымен болсын қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып барып сөйлеп, оқушы алдындағы беделін сақтап, оқушы мен ұстаз арасындағы субординацияны сақтап қала алады.

Педагогика сөзін естігенде ең бірінші менің ойыма келетін ол – менің колледж қабырғасында білім алу барысында педагогика пәнінен дәріс берген ұстазым Бақыт Шакентаевна. Себебі мен үшін мектеп қабырғасында да, колледж қабырғасында да бірнеше педагог мамандардан дәріс алсамда ішіндегі мен үшін үлгі тұтарлық ұстаз, менің ұстаз боуыма бірден бір себепкер болған кісі депте айта аламын. Бізге нағыз педагогтардың әртіс болу керек екендігін, оқушы егер бір сабағыңды түсінбей жүрсе, оқушыны емес өзіңді түсіндіре алмадым деп кінәлау керек деп айта отырып, өзінің ісіменде әрқашан дәлелдеп жүрді. Маман жұмысында кездесетін кедергілер мен жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, бізді психологиялық тұрғыданда дайындады. Мен үшін педагогикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да дайындығы мықты, әрі жан-жақты білімді ұстаз ретінде мәңгі есімде қалды. Меніңде дәл Бақыт Шакентаевнадай білікті маман болу арманым.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 15 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым