Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Педагог мамандығыммен мақтанымын

Bilimger Media
2 мин оқу 414 оқылым

Таңертеңгілік ерте тұрып күнделікті өз жұмысыма келе жатқанда  басымда  көптеген ойлар болады. Ол ойлардың барлығы бүгінгі күні алдымдағы балалармен уақытты қалай және қандай ойындар арқылы қызықты өткізуді ойлап,  сан қилы ойлар  мазалайды.  Өйткені мен мектепке дейінгі білім беру саласының педагогымын. Менің алдымда  кішкентай пәк жүректі «еліміздің  ақылды болашақ ұрпақтары» отыр.

Мен үшін сол алдымда отырған әрбір бала аспандағы жарқыраған жұлдызға тең. Сондықтын да «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға  жәрдем ет!» деген дана сөзді өз мақсатым деп білемін.

Балабақша тәрбиешісінің бірінші  міндеті  - өз үйінен балабақшаға келген әрбір балаға өзін еркін сезіну үшін психологиялық жағымды  жағдай жасай білуі керек.  Жағымды жағдай жасаудағы педагогтың маңызды құралдарының бірі – адамгершілік қасиеті, мейрімділігі  және  жылы сөзбен баулы. Әрине жас ұрпақты тәрбиелеу  үшін, тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы  керек. Нағыз  педагог  ол өмір бойы ғылымда,  өнерде  шығармашылық тұрғыда ізденісте болады. Себебі   мектепке дейінгі жастағы  балаларға тәрбие  мен оқыту жұмыстары тек ойын  тұрғысында  өткізіледі. Осы ойындарды ұйымдастыру, құрастыру және жасау барысында  шығармашылық тұрғыдан көптеген  идеялар туындайды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психалогиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.   Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады.

Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.  Міне   сондықтан мен күнделікті топта  өткізілетін  әрбір  ұйымдастырылған  оқу қызметтеріне, балалармен өткізілетін таза   ауадағы  серуенге,  күннің  екінші жартысында өткізілетін жұмыстарыма жан-жақты дайындалып, үнемі  ізденісте боламын.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын байқалады. Ойын кезіндегі баланың психалогиялық ерекшеліктері мыналар: олар ойланады, эмоциялық әсерге ұшырайды, белсенділігі артады ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Мен кішкентай балаларды  ойната отырып тәрбие мен оқытудағы таңдаған балабақша тәрбиешісі - мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп, жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

 Байжигитова Алия Жапбаровна

Тәрбиеші

Қызылорда облысы

№32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақшасы КММ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым