Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өзіңмен үйлесімдікте

Кенжебекова Гулистан Аюбаевна
4 мин оқу 1 035 оқылым

Кенжебекова Гулистан Аюбаевна

Ақтөбе қаласы, № 69 ЖББОМ

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Күні :     Сыныбы: 10

Оқушылардың саны: 28

Тақырыбы: Өзіңмен үйлесімдікте

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: Парасаттылық, саналылық, шынайылық

 
Сабақтың барысы:

Т – ережесі:

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті:  «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!
2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №6 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» Абайдың нақыл сөзін басшылыққа ала отырып эссе жазу,сурет салу.

Сұрақтар:

1.      «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегенді қалай түсінесіздер?

2.      Сезімді қалай басқаруға болады деп ойлайсыздар?

3.      Ақыл мен сезімді қатар ұстау адамды үйлесімділікке жеткізе ме? Себебін түсіндіріңіздер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

...Жүрегіңнің түбіне терең бойла.Абай

Сұрақтар:1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып 2-рет айту

Дәптерге жазылады.

Мұғалімнің сыйы

Адал қызметші

Аңыз әңгіме

Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты.

Ол өзінің міндеттерін жақсы атқарыпты.  Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді.

Осы кезде бөлмеге қожайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының  сыйлығы ретінде  өте қымбат болатын, сондықтан президент  ашуланып, қызметшіге  енді оның  жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынынан  өзін кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпады.

Түнде президент осы оқиғаны  есіне түсіреді де, ойланып қалады:  «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы  мен оны ашық, қағаздардың  арасына тастап кеткендіктен  сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес,  ол әрқашан  шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім».

Осындай  ойлар  оны қатты мазасыздандырғандықтан,  ол ұйықтай  алмады. Таң атқан соң, президент  бірден Бекті  шақыртады.  Ол келген кезде, қожайын оған:

- Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай  жұмысыңды  жалғастыра бер, - дейді.

Бұл сөздер қызметшіге  қатты әсер етеді. Ол өзінің  қожайынын одан қатты бағалап, бұрынғыдан да жақсы көреді.

Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи  айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай  тұрып, ойланып алуға шақыратын.  «Ашу қабаған ит сияқты» ,оны іште қамап ұстау  керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамға қауіп төндіреді. Сондықтан біз кез-келген  адамның қателесетінін, бірақ оны  кешіре білу керек екенін  ұмытпауымыз керек.

Сұрақтар:

Президент неге қатты ашуға булықты?

Бектің әрекеті қандай?

Президентті не мазасыздандырды?

Неліктен президент кешірім сұрады?

Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің?

Адамды қандай қасиетеріне қарап шыншыл екенін байқаймыз?

Адам баласын қалай тани аламыз?

Жауапкершілікті болу әр адамның қолынан келеді ме?

Өз бойларыңнан шындық іздейтін кездерің болды ма?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Карандаштар арқылы топқа бөлеміз

«Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбында жоба қорғау

6.Топпен ән айту.

Тек алға

Сөзі: Р.Зайтов

Әні: М.Арапбаева

 

7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №8, «Құз басындағы аңшының зары» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кенжебекова Гулистан Аюбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым