Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасында ата –ананың рөлі.

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 480 оқылым

«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасында ата –ананың рөлі.
Ата –ана үшін бірінші орында әрдайым бала тұру керек. Бала бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйісеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген ата-ана, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды өз өмірлерінде сүйіспеншілікпен таратса, сол ата- аналарды нағыз білімді ата- аналар деп атауға болады. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері өте зор.
Рухани – адамгершілік білім беруде оқушы, мұғалім, ата-ана өзара қарым – қатынасына негізделген, онда тек оқушы ғана емес, өзіндік рухани ізеніс субектісі ретінде мұғалім мен ата-ананың өзінеде өзгеріп жүру керек.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелерді жете білген жөн. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына рухани адамгершілік білімнің қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы жоғары. Сол себепті әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін,отбасын сүйетін, еңбекқор адал азамат тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі.
Сондықтан оны нығайту керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады..
СҚО, Шалақын ауданы
Сергеевка қаласы Қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Даукенова А.Р

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Өзін-өзі тану

Сабақ жоспары BOPPS

Өзін-өзі тану сабағына арналған жоспар шынайы көшбасшының қасиеттерін анықтау, интеллект-карта жасау және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша шығармашылық тапсырмаларды қамтиды.

Ералиева Сабыркуль 43 оқылым 3 мин
Өзін-өзі тану

Тема: «Быть честным»

Мектепалды даярлыққа арналған сабақта адалдық, шындықты айту және өзгенің жақсы қасиетін көру тақырыптары қарастырылады. Сабақта Николай Носовтың «Фантазерлер» әңгімесі ұсынылған.

Исайынова Жулдыз Жаслановна 26 оқылым 4 мин
Өзін-өзі тану

Журналистиканың маңызы

Эсседе журналистің халық пен билік арасындағы алтын көпір ретіндегі рөлі, жаңалықтың қоғамға ықпалы және автордың мамандық таңдауы туралы баяндалады.

Еркежан Әуесбекова 34 оқылым 5 мин
Өзін-өзі тану

Урок самопознания : МИР ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЙ КУЛЬТУРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА

4-сыныпқа арналған сабақ жоспарында рухани-адамгершілік мәдениет, ізгілік пен кішіпейілділік талқыланып, өмірлік жағдаяттарды шешу тапсырмалары ұсынылады.

Келдибекова Гульзада Серикбаевна 34 оқылым 3 мин