Мазмұнға өту

Өзәіе арналады...

Фариза Кайратовна 2 мин оқу 31 оқылым

ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ...
          «...Өмірдің қысқалығы сонша, ол туралы ойланып та үлгермейсің...»
          Жүректен шыққан жан айқайымды, өкінішімді, сағынышымды, махаббатымды осы мәтінмен бастауды жөн көрдім.
         «Өмір» деген 4-ақ әріптен тұратын сөзді түсіну үшін адамға сан ғасырлар жеткіліксіз болар. Аллах Тағала сол сан ғасыр ғұмыр берседе, біз өмірдің мәнін түсіне алмай келеміз. Баға жетпес байлықтың бағасына жете алмай, шынайы қуанатын кезеңдерде қуана алмай, болмашы қиындыққа сынып кетіп жатамыз. Өзгеге деген қызғаныш, көреалмаушылық сезімдері, ешкімге керексіз өсектерге еріп, көзімізді шел басып, көңіліміздің қарайып, адамдық қасиеттерден айырыла бастағанымызды сезбейде қаламыз.
        Мен қазіргі 23 жасымда көп нәрсені түсініп үлгергендеймін. Көп нәрсе көрдім деп айта алмаймын, дегенмен өміріме сабақ болатындай сәттерді бастан өткіздім десем де болады.
        Бұл мақаланы жазуыма себепші болған жақында өмірден өткен, жанымның бір бөлшегі болған алтыным, мені сөзсіз түсінген жалғызым, егізімдей болған сіңілім. Мен бұл жағдайдан кейін 20 жылға есейгендей болдым. Ішімде болып жатқан алай-дүлей сезімдерімді айтып та, білдіріп те жеткізу мүмкін емес. Әрине, бәрі бір Аллахтың қолында, Аллахтың сынағына көнбестен басқа шара жоқтығын біле тұра, ішіңдегі сағыныш, өкініш сезімдері жаныңды жегідей жеп барады.
Жаныңа жақын адамыңның енді жоқтығына көндігу ең ауыр сынақтардың бірі болар. Естіген сәтте сенбегеніңмен, біраз уақыттардан кейін келетіндей болғанымен, күн өткен сайын үмітің үзіліп, көнбеске амалың болмайды екен.                 Қазіргі сәтте, барлық нәрсе сіңілімді есіме түсіруде. Бірге тамақтанған кафелер, бірге жүрген көшелер, ғимараттар, тіпті қарапайым заттар сіңілімнің бейнесін есіме түсіретіндей. Тынысым тарылып, жүрегім қарс айырылуда. Ол адамды жіберу маған өте ауыр болды. Мен ол үшін қазір тек дұғамен ғана көмектесе аламын деп кім ойлаған. Бір-ақ күнде айырылып, сыңғырлаған күлкісін, еркелеген дауысын есту арман болып қалатыны үш ұйықтасамда түсіме кірмес еді. Тіпті оны қалай қатты жақсы көретінімді, оның орнын өзге ешкім баса алмайтындығын білмей өмірден өтіп кеткеніне өзегім өртенеді.
         Өмірлеріңізді өкінішпен өткізбес үшін, жақын жандарыңызды, ата-аналарыңызды, сіз үшін уайымдайтын әрбір жанды бар кезінде бағалаңыздар. Жақсы көретіндеріңізді айтыңыздар, көңілін аулаңыздар. Түс секілді болған бес күндік өмірде саған жанашыр жақын жандардан басқа артық ешнәрсе жоқтығын кеш болмай түсініңіздер. Күндеріңізді болмайтын өсекпен, өтірікпен, өздеріңізді алдаумен өткізіп алмай, алға қарай ұмтылып, ешбір жанға жамандық ойламай, тура жолда ғұмыр кешуге тырысыңыздар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағала белгілеп қойған тағдырды дұғадан басқа ештеңе өзгерте алмайды». Қалған ғұмырларыңызды құлшылықта,дұғада өткізуді Аллам нәсіп етсін!

Иемберді Ләззәт Қуанышбайқызы
15.04.2002-09.10.2022

Арманы көп болған ақкөңілім, бұ дүниенің алдамшы қызығында көре алмадың, о дүниенің мәңгілік рахатын көруді нәсіп етсін жаным. Жұмақтың 8 есігі ашылып, жаның жәннәттің төрінде болсын алтыным.
Мәңгілік жүрегімдесің...

Өзіңе арналады Ләззәтім...

Қызайбай Фариза Қайратқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Фариза Кайратовна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ…

ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ… «…Өмірдің қысқалығы сонша, ол туралы ойланып та үлгермейсің…» Жүректен шыққан жан айқайымды, өкінішімді, сағынышымды, махаббатымды осы мәтінмен бастауды жөн көрдім. «Өмір» деген 4-ақ әріптен тұратын сөзді…

Фариза Кайратовна 55 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин