Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өз халқының мүддесі үшін күрескен ұлы қайраткер - Сұлтанбек Қожанов.

Назерке
3 мин оқу 40 оқылым

Көз алдымда көлеңке жоқ, тас түнек,
Əлгі мылтық шүріппесін басты кеп.
Атылған оқ өн бойымды суытты ,
Қарт өмірмен қош айтысты жас жүрек.
(Саят Әбенов “Атылған оқ”)

Кеңес билігі дәуірінде коммунистік билік кесірінен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қайраткерлер саны өте көп. Репрессия құрбандары Қазақстанның түпкір түпкірінде болғанымен, айтарлықтай қайраткерлер өз өңірім Түркістаннан шыққан.Солардың бірі мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист - Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов.
Сұлтанбек Қожанов 1984 жылы 9 қыркүйекте Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылында дүниеге келген. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан шыққан Сұлтанбек Қожанов 1915-ші жылдан бастап елдің саяси-әлеуметтік жұмысына белсене кірісті. Сол кезеңде Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте ,М.Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орталық комиссияның мүшесі ретінде 1918 жылдың қарашасынан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылдары Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды. 1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды. 1922 – 1924 жылдары Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. 1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылдары Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылдары БК(б)П ОК аппаратында істеді. Ол негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Оның “Есептану құралы” атты оқу құралы мен “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі 1924-1928 жылдары кітап болып шыққан. РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен 1923 жылы өткізген Төртінші кеңесінде , РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен 1926 жылғы жеке кеңесте сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылдың 16 шілдесінде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана
1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы және Шымкент қалаларында көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған. Сұлтанбек Қожанов сәулелі әулеттен шыққан ардақты тұлға. Жеті атасына дейінгі бабалары батырлық пен ерліктің биігінде тұрса, өз әкесі Қожан да ел жақсысы, даналық мектебінің, руханият әлемінің жанашыры болып туған халқына адал қызмет еткен жан. Дәулеті мен сәулеті жарасқандарға қырын келген кеңес билігі Қожановтың өзін де, жарын да, ұрпақтарын да аямады.

Жетекшісі: Ф.А.Қозыбақова, Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Дайындаған:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,филология факультетінің 1-курс студенті Жамбыл Назерке

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Назерке

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Маған ұнайтын жыл мезгілі.Оқиғаның ретін белгілеймін

Мектепалды даярлықтың 0 «б» сыныбына арналған сабақта балалар жыл мезгілдерін ажыратып, уақыт туралы түсініктерін дамытады және шыршаны фигуралардан құрастырады.

Назерке 2 мин 321 оқылым
Ашық сабақтар

Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Мектепалды даярлыққа арналған сабақта балалар жел, тұман, найзағай мен жаңбырды сипаттап, табиғат құбылыстарына қатысты топтық тапсырмалар орындайды.

Назерке 3 мин 239 оқылым
Баяндамалар

Бала тілін ойын арқылы дамыту.

Баяндамада ойынның мектеп жасына дейінгі баланың тілі мен сөздік қорын дамытудағы маңызы, сондай-ақ оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойын түрлері қарастырылады.

Назерке 4 мин 418 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым