Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазу

Надира Бейсеновна
3 мин оқу 63 оқылым

Қазақ поэзиясының бағына жаралған ақын – Касым Аманжолов. Ол-қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы.
          Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен өзім сиякты оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Қазіргі таңда қара танитын кез-келген адам нақыл ретінде пайдаланатын «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Балалар – біздің болашақ» деген қанатты сөздер ең алғаш рет Қасымның дуалы аузынан шыққанын біреу білсе, біреу білмейді.
         Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жансерігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді.Сондай шығармаларынын қатары "Құпия қыз", "Бикеш", "Акын өлімі туралы аңыз".
         Қ. Аманжоловтың " Акын өлімі туралы аңызындай" күшті де қуатты поэма жазылған емес. Бұл-соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың шоқтығы биiгi. 
         Бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсаржігіт . Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау «Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз» деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетуменб олады.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады», – деп жазды.
          Абдолла Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді:
Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады. 
Көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.

Ала алмайсың! – деді ер ұлан,
Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау кұрсауы.
Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолынат үскеннен ерлік өлімді артық санайды:
Кел бері өлім, күйіңді шерт? 
Менің адал жүрегімді
Жау алмасын, сен алшы өрт. 
Хош бол, енді, туған елім!-деп, ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды
           Абдоллаға ұксайтын өз аймағымдағы адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы-Бауыржан Момышұлы атам.Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмірбойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Касым ағамыздың шығармасымен іспеттес.
        Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық деп ойлаймын.
Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Мен тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмын. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Надира Бейсеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым