Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оттектің жалпы сипаттамасы, физикалық, химиялық қасиеттері

Автор

Изтлеуова Нуржамал Азаматовна
3 мин оқу 450 оқылым

Сабақтың тақырыбы:  Оттектің жалпы сипаттамасы, физикалық,

химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік – Оттектің табиғаттағы таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша, тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;
  2. Дамытушылық –оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту;
  3. Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық тәрбие беру;

Сабақ түрі: Аралас сабақ;

Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау, тірек-сызбалармен жұмыс,  сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география;

Көрнекі құралдар: тірек-сызба, карточкалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 
  2. Тақырыпты ашу

Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ.      (оттек)

Сабақтың тақырыбы «Оттек» екенін айту, мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Бейорганикалық қосылыстар тақырыбына қатысты тапсырмалар орындау

                                                         1 тапсырма

Химиялық элементтердің таңбаларын жазып, латынша атауын атаңдар.

Кремний                       Мырыш                            Темір

Сынап                           Мыс                                  Азот

Алтын                           Қорғасын                         Күміс

2 тапсырма

Берілген қосылыстардың валенттігін жазыңдар.

K Cl                    P H                     Fe O                  H S

Ba O                   CaO                    P O                   Al O

Fe  S                   Mn O                  K P                    P Cl

3 тапсырма

Реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер, типін анықтаңдар.

Fe + S                                            Mg + O

H2 + Cl2                                                                 Cu O + H2SO4

CaCO3                                                                     Fe + Cl

III.           Жаңа тақырып

 Жалпы сипаттамасы:

Жай зат. Оттектің молекуласы екі атомнан тұрады.

Химиялық белсенді және де ең көп таралған элемент.

Аr( O2)= 16

Валенттілігі II

Жер қыртысында қосылыс түріндегі оттектің массасы 49,13%

Жер қыртысында қосылыс түріндегі оттектің массасы 49,13%

О2

Физикалық қасиеттері.

Оттек – иіссіз, түссіз, ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. ХVІІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді.

Оттектің 1 литрінің массасы 1,43 г. Оттек суда аз ериді. Оттек -1830С сұйылады, -2180С-та қатады.

Алынуы.

1.Табиғатта күн сәулесі әсерінен жүретін әйгілі фотосинтез процесі кезінде, жасыл өсімдіктер оттекті бөліп шығарады.

2.Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады.Өнеркәсіпте алдымен ауаны шаң-тозаңнан, ылғалдан және көмір қышқыл газдан тазартады. Одан соң ауаны қатты қысып, суытады. -2000С-та азот пен оттек сұйық күйге ауысады. Енді азотты оттектен бөліп алу үшін, аздап қыздырады. Алдымен -1960С-та азот қайнап бөлініп шығады. Ал оттек сұйық күйде қалады. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды. Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат баллондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды.

3.Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады.

2 KMnO4                 K2MnO4+ MnO2+O2

калий перманганаты   калий манганаты

2 KСlO3                 2KСl + 3O2

калий хлораты     калий хлориді

Химиялық қасиеттері

Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар жану реакциясы деп аталады. Қыздырғанда оттек көптеген металдармен және бейметалдармен әрекеттеседі.

  1. Көмірдің оттекпен әрекеттесуі:

C + O2 = CO2

  1. Күкірттің оттекпен әрекеттесуі:

S + O2 = SO2

  1. Фосфордың оттекпен әрекеттесуі:

4P + O2 = 2 P2O5

  1. Металдардың әрекеттесуі:

3Fe +2O2= Fe3O4

  1. Жаттығулар орындау
  1. Судағы H2O, құмдағы SiO2 , глюкозадағы C 6H 12O6 оттектің массалық үлесі қанша екенін есептеңдер.
  1. P→ P2O5 Al→ Al2О3                              

K→ K2O                                                                                  Mg→ MgO

  1. Қорытындылау.
  1. Бағалау.

VII.        Үй тапсырмасы:

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Изтлеуова Нуржамал Азаматовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин