Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Жамбыл
2 мин оқу 49 оқылым

Қазіргі заманда медицина біршама дамыды. Алдыңғы ғасырда емі жоқ боп саналған аурулардың көбіне шипа табылып, осы уақытта науқастар қажетті мекемеге барып ем қабылдаса тез-ақ аурудан айығады. Бірақ сол дәрігер жазып белгілейтін емге жету қиын. Тегін ауруханаға дертпен барсаң, ұзыннан-ұзақ кезекте тұрасың, содан соң сен бір кезектен келесі кезекке тұрып, солай кемі 2 дәрігер алдынан өтесің, ал дертің ауыр болса ол дәрігерлер саны 5-6 ға жетеді. Оған қоса әр дәрігер өз тарапынан жеке анализға бағыттайды. Ол анализдің жауабын күтесің. Ұстазым Әділов Бақытұрдың айтқаны бар: "Осы кезде ауруханаға баруға қорқасың: бойыңнан 30 түрлі ит табады. Панкреатит, артрит, гастрит, дерматит, тағынсын-тағы". Кейбір анализдың бағасы да қымбат, соңында белгіленген дәрілер мен процедурал тізімі де айтарлықтай ұзақ болып, әркімнің қалтасы көтере бермейтін суммаға айналуы мүмкін. Осыған қарап ата-бабаларымыздың ешқандай арнайы құрылғысыз, анализсіз науқастың тамырын басып тұрып-ақ ауруын анықтап, шөп-дәрімен немесе арнайы емімен қалай шипа жасаған екен деп таң қаласың. Осындай заманның дала медигі, қара-үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы мәліметтер соңғы отыз жылдықта қолға түсіп көпшілікке танылып жатыр.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – 95 жыл өмір сүрген (1397-1492 жж.) ғұлама ғалым, дала медигі. Бабамыздың "Шипагерлік баян" кітабы – алдыңғы ұрпаққа мұра еткен басты еңбегі. кітап 1467-1475 жж. шамасында жазылған (Ж. Молдабеков. "Қазақтану", 2003). Бұл кітапта 1050 түрлі шипа, 4577 рецептіні қамтыған. Онда 728 түрлі өсімдіктерден, 318 түрлі жан-жануарлардан алынған емдік дәрілер көрсетіледі.

"Шипагерлік баян" – негізгі медициналық еңбек, шығыстың тибет медицинасы мен халық емшілігінің озық идеясы мен тәжірибесінің қолтаңбасы. Кітап адамның анатомиясы, физиологиясы, психологиясы, әдебі туралы кең мәлімет береді. Еңбекте "жүрек, ми, сөл, түк, тағысын-тағылардың адам денесіндегі рөлі, тамыр және тамыр ұстау, шешен вакцинасын тапқырлау, күйік, үсіктерді сақайту," т.б жақтарды емдеушілік сараланып, дәйектеліп берілген. "Шипагерлік баян " – тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, этика, мораль ғылымдарын бір ғана бедицина үшін іскерлікпен қызмет еттіре білген үлкен ғылымнама.  (Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баян", 1996)

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жетістігі – далалық тәжірибелердің, көшпенділер өркениетінің, шығыстық медициналық мәдениеттің көрінісі және көрсеткіші, оларды түйіндеген дара таланты мен ептілігінің жиынтығы. Оның емшілік өнері адам-тағдырымен тікелей байланысты. (Ж. Молдабеков. "Қазақтану", 2003).

Данат Жанатаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Қажиев Жамбыл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Қажиев Жамбыл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жамбыл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым