Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

Мусабаева Айзада
2 мин оқу 103 оқылым

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, татулық, әдептілік сияқты қасиеттер отбасынан бастау алатыны белгілі. Тәрбие балаға сөзбен, теориямен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан да дана халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ғой. Ақиық ақын, жауһар жырдың мар­қас­­қасы Мұқағали Мақатаевтың мына бір тамаша өлең жолдары ойға оралады. Анам маған: «Үлкенді сыйла!» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра – ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, – дейді. Иә, бала тәрбиесінде әке мен ана бірдей жауапты. Үңіле қарағанда балаға әкеден гөрі ана жақын тұратын сияқты болып көрінуі де мүмкін. Жасыратын ешнәрсе жоқ, бала тәрбиесінің көп салмағын аналар көтеретіні де рас. Алайда ата-ана деген сөзіміз қалай қосарланып қатар айтылса, бала үшін екеуінің де орны ерекше. «Баланы 5 жасқа дейін мәпеле, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, ал 15-тен асқан соң досыңдай сырлас» деген даналық ойдың астарына тереңірек үңілген кез келген адам ойланып-ақ қалар еді. Балаға орынсыз ұрсып, зекіп, сұрағына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін жояды. Ұл мен қыздың мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, сабаққа дайындығында қандай өзгерістер бар? Болашақта кім болғысы келеді? Мұндай сұрақтар әкесін де, шешесін де тең ойландырғаны дұрыс. Ана тілімізді шұбарлау да отбасынан басталады. Кейбір орыстілді ата-аналарымыз: «Таза қазақ болсын деп, қазақ мектебіне бердік» дейді де, бар ауыртпалықты мектепке артып қояды. Тілі орысша шыққан, үйінде ата-анасы, туған-туыстарымен орысша сөйлесетін бала мектепке ғылымның сан саласын қалай ғана қазақша игереді? Баланың болашағы үшін ана тіліне деген құрметті өздерінен ­бастауы керектігін ойланар уақыт келді. Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек деп қарайтын ешнәрсе жоқ. Ол үшін әкенің де, шешенің де өзіндік орны бар. «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды» – дейді кемеңгер халқымыз. Осы арқылы тәрбиелі отбасынан тек жақсылық күт десе, шырқы бұзылған отбасын да «Шығады қисық үйден қисық түтін» деп түйреп өтеді ата–бабаларымыз. Өмірге әкелген бала алдында ата-ана өз жауапкершілігін дұрыс түсінсе, тәлім-тәрбиенің алтын ұясы – отбасы мен мектеп бірін-бірі байытып, толықтырып жатса, алынбайтын қамал, қол жетпейтін биік болмас еді.

Мусабаева Айзада Алиевна

Авторы
Мусабаева Айзада Алиевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Мусабаева Айзада

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 11 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 71 оқылым