Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Айкенова Алтынай Кожмуханбетовна
3 мин оқу 94 оқылым

Тақырыбы: «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті».

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметті дамытуға ықпал ету. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу. Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының мүмкіндіктерін айқындау. Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген   сезімді нығайту. Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, балабақша, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, теледидар, DVD, қалам, қағаз, тақырыбы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграммасы, сауалнама.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Құрметті ата-аналар балабақша педагогтары! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін  балабақшада «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр. Қош келдіңіздер! Бүгінгі дөгелек үстелде қарым-қатынас, оның ішіндегі отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасатын боламыз.

  1. «Танысу»
  2. Тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі -дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.
         Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.

Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

  1. Әңгімелесу сұрақтары:
    1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты?
    2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек?
    3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек?
    4. Тәрбиешілердің үлесі қаншалықты?

5.Видео

6.Ата-аналарға сауал
1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)
2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
ырым, тыйымдар аркылы тәрбиелеу;
ақыл-кеңес беру, түсіндіру,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
ұлы гұламалардың өсиет сөздерін пайдалану;
халық ертегілерін бірлесе оқу;
тәрбиешілер мен топтағы жолдастарымен тығыз байланыс жасау;
бірлескен қозғалыс ойындар ұйымдастыру;
ашық әңгіме-сұхбаттар;
ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсетуі;
бірлесе өткізген демалыс уақыттары;
балалар көркем фильмдері мен мультфильмдерін бірге талдау;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  1. Рефлексия

Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айкенова Алтынай Кожмуханбетовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие берудің бала психологиясына әсері

Материалда мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық тәрбиенің бала психологиясына, табиғатқа көзқарасына және күнделікті мінез-құлқына ықпалы қарастырылады.

Айкенова Алтынай Кожмуханбетовна 5 мин 277 оқылым
Жалпы рубрика

Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие берудің бала психологиясына әсері

Материалда мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие берудің бала психологиясына ықпалы және табиғатты аялау дағдыларын қалыптастырудың маңызы баяндалады.

Айкенова Алтынай Кожмуханбетовна 5 мин 278 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 61 оқылым