Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі

Досанов Айдар Косалович
2 мин оқу 338 оқылым

Досанов Айдар Косалович

Ақтөбе қаласы, Ойыл уданы

Қараой мектеп – балабақшасы

Еңбек пәнінің мұғалімі

Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға, іскерлікке, ізгілікке, өздігінен іздегуне, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.
«Балының құқы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Баланың ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.Баланы тәрбиелеу үрдісінде баланың ата-анасына және ата-анасының баласына қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді: бұл тиянақты екі ұшындай. Және де егер ата-аналар – балалар қарым-қатынасының негізінде махаббат болмайтын болса, қалғанының бәрі жасанды және қалтылдақ іргетаста (қорқынышта, бағынуда, кінәлі сезімде және т.б.) болады. Барлық ата-ана баласын еркелетіп өсіреді. Тек, осы еркелету шектен тыс болса, оның зияны өте зор. Керісінше, біздің көптеген ата-аналарымыз баласының қалаған барлық тағамын ішкізіп, қалаған барлық киімін үстіне жапсырып, қалаған барлық заттарын сатып алып береді. Мұны ұл-қызының мұқтажсыз өмір сүруіне жағдай жасау деп түсінеді. Содан бала ешнәрсенің нарқын да, парқын да білмей өседі. Ержете бастасымен-ақ ата-анасына өтініш көбейіп, «аспандағы айды алып бер», - деуден де тайынбайды. Тіпті, өсе келе баланың өтініш, тілегін бұлжытпай орындалуға тиісті талапқа, бұйрыққа да айналады.Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі – отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Досанов Айдар Косалович

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым