Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Надежда Даниярбековна
3 мин оқу 264 оқылым

Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды.  Дәл осындай мақсатта біздің мектепте «Отбасы клубы» ұйымдастырылған, бұл клубтың негізгі мақсаты – ата аналар мен мектеп арасында ынтымақтастық педагогиканы дамыта отырып, әр баланың өмірінде қолайлы жағдайды жасап, тәрбие мен білімді қатар алып жүру.

Еліміздегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, жылдың басында мектепте Отбасы клубының жоспары құрылды, осы жоспарға сәйкес тәрбие сініің меңгерушісімен бірге педагогикалық және психологиялық қолдау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, қыркүйек айынан бастап онлайн ата – аналар жиналыстары өткізілді, ол жерде психолог маман ретінде біздің оқушыларымыз қашықтықта оқыту барысында өзін-өзі ұйымдастыру мен оқыту сапасын тиімді жүргізу үшін ұсыныстар беріліп, жадыналамар таратылды.

Отбасы- қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Қазақстанда 13 қыркүйек Отбасы күні болып саналғандықтан, біздің мектепте осы күнге орай арнайы апталық жүргізілді, оның негізгі жұмысына оқушылармен өзін – өзі тану бойынша онлайн сабақтар өткізілді, бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Менің отбасым» атты суреттер конкурсы жарияланды, конкурса қатысқан ата-аналар арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды. 9 – 11 сынып ата – аналарымен онлайн дөңгелек үстелдер өткізілді, тақырыптары: «Менің балам жасөспірім», «Қыз тәрбиесі – ұлтымыздың болашағы», ««Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі». Осы тақырыптарды ата – аналармен талқылай отырып, сауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындысында ата-ананың 80%-ы оқушылардың сапалы білім алуы ата-ананың баланың сабағын үнемі қадағалауына байланысты екенін, баласының жақсы оқитынына сенім білдіре алатынын, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жұмсақ, жайлы, достық қатынаста болса деп көрсеткен. Сынып жетекшімен баласы туралы жиі пікір алмасып отыратындықтарын, мектептегі білімге көңілдері толатындығын, сонымен қатар, ата-ана мектеппен тығыз байланыста болу керек екенін айқындап берді.

Отбасы адамдық құндылықтардың, мәдениет, адамгершіліктің қорғаушысы, ұрпақтардың тарихи сабақтастығы, қоғамдағы тұрақтылықтың факторы болған да, бола береді де. Оның дәлелі ретінде біздің мектепте арнайы «Мен өмірді сүйемін» атты қалалық марафон өткізіліп жатыр, оның белсенділер қатарына ата – аналар да жатады, себебі қазіргі таңда жасалып жатқан әр бір іс-әрекет тығыз әрі үздіксіз ата – аналармен байланысты. Іс – шаралар қатарына ата – аналар өз балаларымен «Біз өмірді сүйеміз, себебі...» деген тақырыпта шағын бейнебаян түсіру керек болатын, бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысушы болды, бейнебаянды интернет платформаларға жүктедік.

«Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дейді қазақ, қанша жыл отасса да бірлігі мен берекесі таймаған, күннің шуағындай жылылығымен баурайтын отбасылары, осындай берері мол тәрбиелік мәні зор мерекелік шарада, өз көрген-білгендерімен бөлісіп, көрермендерге, соның ішінде жас отбасыларға ерекше әсер беріп, ой салғанына сенімдіміз. Өйткені, тәрбиенің алғашқы әліппесін отбасында алып, адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Осы «Отбасы клубының» арқасында біз педагог – психологтар мектеп пен ата – аналармен бірлесе жұмыс істеу арқасында әр баланың бойында өз елін сүйетін, адамгершілік қасиеттері мол, болашақта өзінің Мен бейнесі жарқын болатынына сенеміз.

Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ

 педагог  - психологі Сражатова Н.Д

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Надежда Даниярбековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 24 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 104 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 45 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 76 оқылым