Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

4 мин оқу 2 816 оқылым

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна

Мақсаты: Балаларды ертегі қойылымына қызығушылығын арттыру.

Ормандағы құстар жайлы,олардың пайдасы туралы айту

Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу

Көрнекілігі:     Ертегі кездесетін құстардың,ағаштардың,орманның  суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сөздік жұмыс: Бұғана,кемеліне,семіп,құрап,сарнап ,сая,пана,науқас,құр сүлдері,құйқылжыта,ежелгі,кәсіп,айдын көл,келте быртық,шіріңкіреген,қауырсын,олақ,т.б.

Шаттық шеңбері

Құстардың суреті.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Қандай құстар?

-Тағы қандай құстарды білесіңдер?

Дидактикалық ойын «Орман ағаштары».Ойынның шарты:Салынған суреттегі ағаштарды атай білу. (қарағай,шырша,қайың)

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін сендерге мен бір ертегі айтып берейін.

Бұл ертегінің аты «Орман дәрігері» .

Мен бастап берейін, ал балалар маған көмкетеседі.

Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде. Орманда үлкен «Терек» өсіпті. Теректің кейбір бұтақтары селіп, қожыр-қожыр қабығының әр жері қурап қалыпты. Жел соқса бұтақтары сықырлап, ауыратын болыпты, күндердің бір күнінде терекке құрт түсіп, көбейіп, теректің әр жерін тесіпті, оның тұла бойы қаңсап ауырады екен.

Терек: -Ух,жанымай,жаным. Енді не қылайын. Құрт аурына шалықтым,тесіп жеп өлтіріп барады. Кеудем ауырады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, көмектесіңдер. Дәрігер шақырып емдеңдер.

Тәрбиеші: - осылай терек күні-түні сарнайды екен. Жақын маңда көгершіндер демалып, көңіл көтеріп жатады.

Ән «Көгершін»

-Ақ көгершін,көгершін

Қолқанат құс сен едің

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп

Көз алмайтын жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп ,2 р

Ұшырамын қолымнан .

Тәрбиеші: теректің даусын естіп , бір көгершін ұшып келді де , хал-жағдайын біліпті.

Көгершін: Терек,ата, аурыңыз жаман екен.

Бірақ мен дәрігер кім екенін,қайда екенін білмеймін.

Дегенмен іздеп көрейін, бір хабарын берейін.

Тәрбиеші : -осылай деп,көгершін ұшып кетеді де жолда айтысып отырған сауысқандарды көреді.

Сауысқандар:. Алақай,алақай! Күн шықты,күн шықты

Жер үстіне нұр шықты.

Арайланып таң атты

Алтын сауле таратты

Қайырлы таң - достарым , сауысқандарым.

Ала қанат сауысқан

Жауыр атқа жабысқан

Ойда жауыр көрінсе

Ойбалатқан сауысқан.

Тәрбиеші: Көгершін бір сауысқанның қасына келіп тіл қатты.

Көгершін: - Уа сауысқан,сауысқан, сөзді тыңда туысқан.

Ыстық күнде сая болған, күн жауғанда пана болған

Терек ата науқастанып , құр сүлдері қалыпты

Теректі емдеп бір жақсылық жасайық.

Сауысқан: Менің сауысқан екенім рас. Бірақ мен аты шулы күзетшімін.

Жұмысты тастап қалай кетемін.

Осы маңдағы аңдар мен құстарды қырлыстырмай аман есен сақтап келемін.Мен сондай құспын асығыспын.

Тамағым тоқ,көйлегім көк,жұмысым көлдей .

Тәрбиеші: Сауысқан ұшып кетеді.Көгершін ары қарай ұшып келе жатып , билеп жатқан балапандарды көреді.

Би: «Чип,чип шөжелерім»

Көгершін : Әтеш-ау, әтеш билерің өте жақсы екен. Терек ата , науқастаныпты,маған еріп жүрсеңші.

Әтеш: -Ку-ка-ре-ку-у! Айналайын,көгершенім айту керек сөздің шынын,тауықтар көп мен жалғызбын, балапандармен ойнаймын, айқай салып шақырамын,елді ұйқыдан оятамын.

Тәрбиеші : Деп кете барады. Әбден шаршаған көгершін, ұшып келіп, құйқылжыта сайраған бұлбұлға келеді. Мән жайды түсіндіреді.

Көгершін: Терек ата , науқастаныпты,маған еріп жүрсеңші.

Бұлбұл: -Құлағынды сәл әніме ,кешір маған ренжіме, мен атақты әншімін,бұл ежелгі кәсібім. Тоғайды дамылсыз аралап жүремін. Құстарға ,аңдарға достарыммен бірге ән салып беремін. Ойланшы досым,сонда саған қалай еремін.

Біздің әнімізді тыңда -деп бұлбұл әндете жөнелді.

Өлең: «Күншуақ»

Тәрбиеші: көгершін дәрігер іздеп әрі қарай ұшып,жолда ойнап жүрген торғайларға тап болыпты .

Торғайлар –Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,барлық істі басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі басқарған.

Көгершін: Торғай,теректі емдеу керек көмектес

Торғай:Терекке баруға уақытым жоқ,қолым тимейді,бау-бақшаны шарлаймын,құрт құмырсқаны аулаймын,жеміс жақсы өссін деп күні-түні ойлаймын.

Тәрбиеші:Амалы құрыған көгершін, айдын көлдегі билеп жүрген сұлу аққуға жолығыпты.

Би: «Аққу»

Көгершін: Киелі,ақылғой құссың ғой,теректі емдеу керек көмектес.

Аққу: Жұмысым көп,бәріне ақыл кеңес беремін. Көгершін сәл аялда, жұмысы бар құстарды мазалама,жұмыссыз жүрген құстар көп,соның бірі көмектесер.

Тәрбиеші : Сөйтіп ,көгершін аққуға алғыс айтып, тоғайға ұшып кетіпті. Сонда бұтаққа қонып отырған бір құсты көреді.

Көгершін: -Сені танымаймын, аты жөнін кім?

Тоқылдақ: -Аты жөні белгісіз,үй-күйсіз,жұмыссыз жүрген құспын.

Көгершін:Іздегенім сен едің,жүр саған жұмыс тауып берейін.

Тәрбиеші : Көгершін белгісіз құсты терекке алып келеді. Ол бірден іске кірісті,құрттың көп жерін білу үшін құлағын төсеп тың тыңдады шіріңкіреген жерін тесіп, құрттарды теріп жей бастады. Терек атаны бір белгісіз құс емдеп жатыр дегенді естіп сауысқан,әтеш,бұлбұл,торғай,аққу бесеуі келеді.

Сауысқан: -Көгершін-ау ,бұл не қылған құс?

Көгершін:-Е,не қыласың теректі емдеп жазып берді.

Өнерлі құстардың бәрінің аты бар,бұл құста ат жоқ,бұған да ат қояйық.

Аққу: Бұл құстың аты өзіне сай Тоқылдақ болсын.

Бәрі: Йя,Тоқылдақ болсын. Орман дәрігері Тоқылдақ болды,

Тәрбиеші: Ауруынан айыққан Терек, жапырағын жайып,құстарға,әсіресе
Тоқылдаққа рахметін жапырақтарын сыбдырлатып айтыпты.

-Терек қандай ауруға шалдықты ?

-Терек көмекті қалай сұрады?

-Теректің дауысын естіп,не ұшып кеді?

-Көгершін қандай құс?

Аққу көгершінге қандай кеңес берді?

-Көгершін қандай белгісіз құсты терекке алып келеді?

-Теректі емдеп берген қандай құс ?

«Үй құстары» ойыны.Ойынның шарты:үй құстарын және олардың пайдаларын толық атай білу.

Оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау

Авторы
Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Дене шынықтыру

«Ғажайып қыс».

Балалар қыс мезгілі мен орман табиғаты туралы әңгімелеп, қоянға арнаған өлеңдерін айтады. Оқу іс-әрекеті тіл дамыту мен есте сақтау қабілетін жетілдіруге бағытталған.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 6 мин 489 оқылым
Ашық сабақтар

«Ертегілер әлемі»

Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, жұмбақ, тақпақ және тіл жаттығуларын орындайтын сөйлеуді дамыту сабағы.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 4 мин 852 оқылым
Ашық сабақтар

«Жайнай берсін, Астана!»

Балаларға Қазақстанның бас қаласы Астана туралы мәлімет беріп, Отанға және туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға арналған ашық сабақ.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 3 мин 378 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым