Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Жайнай берсін, Астана!»

Автор

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна
3 мин оқу 378 оқылым


Алматы қаласы

Жетісу ауданы

КММ«№103 санаториялық

бөбекжай-балабақшасы»

Такибаева Жанар Арыновна

тәрбиеші

Тақырыбы: «Жайнай берсін, Астана!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.

- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.

- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

Деніміз сау болсын!

Күніміз күлімдесін!

Еліміз аман болсын!

Ата - анамыз қасымызда болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!

Аспанымыз ашық болсын!

Әнұран орындалады.

- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.

- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.

- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.

- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан Республикасы

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

- Қазақ тілі

- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

- Орыс, өзбек, түрік, қытай.

- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?

- Әнұран, ту, елтаңба.

- Ел ордамыз қай қала?

- Астана.

- Балалар, бүгін бас қаламыз - Астананың туған күні!

Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.

Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.

- Астана күні мерекесіне арналған «Құлыншақ» тобының тақпақтарын тыңдайық.

Севара: Алтын заңның аясында,

Құлпырамыз бәріміз.

Отан ана аясында,

Жарқыраймыз күн болып.

Нурали: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам - Астанам.

Фатима: Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам - Астанам.

Жания: Отан тарих, Отан - тіл,

Жасаған елім өз халқым.

Асылым: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.

Жалғас: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

- Өте жақсы, балалар!

- Келесі кезекті «Кұлыншақ» тобының биші қыздарына береміз.

- Өте жақсы, балалар! Енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім..

Ерсултан: Астана - арман қала,

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап - жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Алибек: Жаса - жаса Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Ал енді сіздермен ойын ойнаиқ балалар.Қазақтын үлттық ойндары «Орамал тарту»

Өлен « Отан»     Балаларға   байтеректің суретін бояту.

- Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.

- Сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Дене шынықтыру

«Ғажайып қыс».

Балалар қыс мезгілі мен орман табиғаты туралы әңгімелеп, қоянға арнаған өлеңдерін айтады. Оқу іс-әрекеті тіл дамыту мен есте сақтау қабілетін жетілдіруге бағытталған.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 489 оқылым 6 мин
Ашық сабақтар

«Ертегілер әлемі»

Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, жұмбақ, тақпақ және тіл жаттығуларын орындайтын сөйлеуді дамыту сабағы.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 848 оқылым 4 мин
Дене шынықтыру

«Түрлі- түсті пластик»  ( тыныс алу жаттығулары)

Мектепке дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағында тыныс алу жаттығулары, жалпы дамыту қимылдары және «Қасқыр қақпан» ойыны қамтылған.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна 560 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 366 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 428 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 667 оқылым 2 мин