Мазмұнға өту

Оралхан Бөкей

Жания 3 мин оқу 38 оқылым

Байқау қатысушысы: Алтаева Жания, журналистика факультеті, 2 курс

Байқау номинациясы: Ең үздік баспасөз материалы

Оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

       «Оралхан Бөкей – көрнекті редактор,  көсемсөз шебері»

Қазақ халқы біртуар тарлан мінезді, таудай талапты, қырандай қайсар тұлғаларға бай халық. Халқымызға еңбегі сіңген, сондай-ақ бүгінгінің жадында сақталған әрбір ұлтшыл тұлғаларымыздың қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орны ерекше. Сол бойында қазақи патриоттық сезімі бар, жан-жақты білімді көсемсөз шебері болған – Оралхан Бөкей атамыз.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай  ауылында дүниеге келген.

1968 жылдан бастап Алматы қаласына қоныс аударған.

Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды.

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.

Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін айтады екен. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін», – деген екен. Иә, асқақ арман, үкілі үміт өшпеді. Алла ақ тілекті, ақ ниетті қабыл алды. Өр Алтайдың өр де өжет ұлы мақсатына жетті. Қаламгер атанды. Қатардағы емес, әрине. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерді. Сөйтіп Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Осылайша, Ару Алтай мен Оралхан есімі қазақ әдебиетінде қатар астасып қала берді. Тарих сахнасы мұны ешқашан жоққа шығара алмайды.

«Менің повестерімдегі, әңгімелерімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жас шақтағы болған оқиғалармен байланысты, – деп жазады автор. Менің жерлестерім қазақтар –  мінездері бір қалыпты, адал және жүректері ашық адамдар.  Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым», –  деген болатын жазушы О. Бөкей. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. Оралхан атамыз  есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. 1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Қызығы әрбір туындысында оқырман Оралхан Бөкейдің жазу стилі мен жеткізу шеберлігіне тәнті болады. Ерекше әдіспен оқырман жүрегіне жол тартқан Оралхан Бөкейді халық «көсемсөз шебері» деп те атап кетті.

Ұлт мұрасы – бүгінгі жас ұрпақтың алтын қазынасы. Оны дәріптеуден бұрын, көңілмен ұғынып, біліп, түсініп жүру әр азаматқа да парыз. Ұлтымыздан шыққан шебер ұлт ұстаздарын қадір тұтып, олармен танысып жүрмек керек нәрсе.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жания

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Шырақ мультфильмі

«Шырақ» мультфильміне рецензия Шырақ қазақ кино индустриясындағы ерекше мультфильм болып табылады. Қазақы құндылықтар мен ұлттық тәрбиені дәріптейтін қысқаметражды мультфильм. Мультфильмдегі “Шырақ” аты айтып…

Жания 51 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Адам бостандығы

ҚАТЫСУШЫ: АЛТАЕВА ЖАНИЯ ЖАРАСҚЫЗЫ ОҚУ ОРНЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МАМАНДЫҒЫ: ЖУРНАЛИСТИКА 1 курс Адам құқығы мен бостандықтары Кез-келген адам қоғамдық өмірде жеке тұлға деген әлеуметтік атаумен…

Жания 20 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Адам бостандығы

ҚАТЫСУШЫ: АЛТАЕВА ЖАНИЯ ЖАРАСҚЫЗЫ ОҚУ ОРНЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МАМАНДЫҒЫ: ЖУРНАЛИСТИКА 1 курс Адам құқығы мен бостандықтары Кез-келген адам қоғамдық өмірде жеке тұлға деген әлеуметтік атаумен…

Жания 35 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин