Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Орал қазақтарының тілегі

Мадина Ибрагим
2 мин оқу 24 оқылым

​Қазақ халқы Ресейдің отарында болса да, наразылықтарын еркін білдіріп, жеке құқықтарының сақталуын биліктен талап етіп отырған. Ол сауатты, оқыған азаматтардың арқасында іске асты. Аса маңызды мәндегі хаттарды бір топ адам халықтың атынан бірлесе жазып, Мемлекеттік Думада сөз сөйлейтін зиялы қоғам өкілдерінің арқасында өтініштерінің тікелей билікке жетуін қадағалаған. Сол жылдары Қазақстанның әр өңірі әртүрлі шиеленіскен мәселелермен өз бетінше күресіп жатты. Жағдаяттың ушығып, асқынып кеуі олардың тікелей билік өкілдерімен байланысуына алып келді.

​Сондай белсенді аймақтардың бірі батыстағы Орал өңірі еді. Ұлы Даланың өзге өлкелері секілді мұнда да ана тілінің еленбей, соңғы орынға қойылуы, жердің жетіспеуі, орыс шаруаларының шектен тыс қоныстануы, өзге ұлт өкілдерімен сіңісіп өмір сүрудің қиындықтары, діни қысым, тағысын тағы өзге де мәселелер халықтың тұрмыс-тіршілігін қиындатып, әл-ауқатын едәуір төмендеткен еді.

​Мақала авторлары асқан кішіпейілдік танытса да, әр сөзінің артынан шыдамсыздық пен шарасыздықтың лебі айқын байқалады. Қазақтың басына түскен ауыр күн біле білген адамға сол кездегі жүрегінде сәулесі бар әрбір жан үшіназаппен пара-пар еді.

​Мақаланы оқу барысында 6 баптан тұратын тілегін астарламай, жалтақтамай, нақты әрі нық жаза білген авторлардың батылдығына, қайтпас қайсарлығына таң қаласың. «Қазақ» газетіне жарияланған бұл материал дүйім жұртқа жеткізгісі келген дүниесінің салмағымен ұтып тұр деп есептеймін. Сол жылдары газет бетіне жарияланатын мақалалардың өзекті, өткір, мәнді болуы шарт еді.

​Бір ғана мақала сол дәуірдің түйіткілді мәселелерін қамти білді. Мақаланың тілі – қысқа да нұсқа, нақты да нық жазылған.

​Сондай-ақ, мақаладағы бізге таңсық кейбір сөздерге тоқталмасақ болмас. Мысалы: фраксиа, хүкімет, уақиға, фақырлық, дүниялық, хұқымыз, ышколдар, мақұрым, т.б. сөздер халықтың енді-енді сауатын ашып келе жатқандығын білдіреді.

​Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінің барған сайын ауырлап, өмір сүруінің өзі бір мәселеге айналған заманда ата-бабамыз дипломатиялық жолмен келіссөзге келуге тырысты. Осы орайда халық пен биліктің арасында нағыз көпір бола білген баспасөздің қоғамдағы рөлі анағұрлым маңызды еді.

Ибрагим Мәдина,

Ғылыми жетекшісі:

фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мадина Ибрагим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым