Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оқыту шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік ережелері

Ахмедов Алихан
4 мин оқу 996 оқылым

Ахмедов Алихан

Автокөлік жөндеу алаңындағы жұмыстарға техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж өткен адамдар ғана жіберіледі. Автокөлік жөндеу алаңындағы жұмысшылар арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі керек. Оқыс жағдайларға ұшырап қалмау үшін жоғары кернеулі заттар мен беттері айналып тұрған заттар қажетті қоршаулармен қоршалып немесе арнайы белгі қойылуы керек. Автокөлік жөндеу алаңындағы көлік құралдарының ұзақ жұмыс істеуіне тыйым салынған. Жанар-жағар май материалдары арнайы ыдыстарда не болмаса арнайы бөлінген орындарда сақталуы керек. Автомобильді тексеру үшін кернеуі 96 В-тан жоғары жылжымалы шамдарды қолдануға болмайды.

Жабдықтар мен аспаптарға қойылатын талаптар:

- слесарь аспабының жұмыс басы зақымдалмауы керек (жарықтар, кетіктер, ойықтар);

- қолмен қысатын жерлерінде өткір қырлары мен кетіктері, майысқан жерлері болмауы керек;

- балка ағаш сапқа нық отырғызылып темір сына қағылуы керек;

- слесарь қысқыш еріндерінің кертіктері жаңа болуы керек;

- аспап пен жабдықты тексеріп тұру қажет;

- кернеуі 96В-тан 1000В-қа дейін электроаспаптармен жұмыс жасаған кезде диэлектрикалық қолғаптарды қолдану қажет;

Рұқсат етілмейді:

- ескірген ашасы бар гайкалы кілттермен жұмыс жасау;

- кілт тұтқасын басқа кілттермен немесе тұрбамен ұзартуға;

- электроаспапты жетегінен ұстауға немесе айналмалы бөліктерніе қол тигізуге.

Электр қауіпсіздігі:

  1. Жұмыс істеп тұрған электр қондырғының ток өткізгіш бөліктеріне адамның жанасуынан токпен жарақаттану қауіпі туады. Күші 0,05 А болатын ток адам өміріне қауіпті болып табылады, ал күші екі есе артық, яғни 0,1 А ток-адамды өлтіріп жібереді. Изоляцияланбаған ток жүретін бөліктерді адам өз бетімен кіре алмайтындай етіп қоршап тастау керек.
  2. Электр сайман арқылы жиі-жиі токтың корпусқа тұйықталуы болмауын, сондай-ақ жұмыс алдында ток келетін сымның дұрыстығын тексеріп отырған жөн, электр аспабы жерге қосылған болуы тиіс. Жерге қостырылмаған жағдайда электр аспабымен жұмыс істеуге тиым салынады.
  3. Қорғауыш резеңке құралдарды пайдалану алдында қарап тексерген жөн, шаң тозаңнан сүрту қажет.
  4. Электр қондырғыларын түрлі станоктар пайдалану немесе жұмыс орындау барысында токқа түскен адамды ажырата білулері және алғашқы жәрдем көрсете алулары қажет.
  5. Адам токқа түскен кезде ажыратқыш қосқышты, қорғағыштарды және т.б. айыру арқылы оған токтың әсер етуін дереу тоқтау керек.
  6. Жарақаттанушыны құтқаратын адам алдымен өзін қауіпсіздендіруі тиіс, ол үшін галош, резеңке қолғап, құрғақ жүн қолғап киюі немесе қолдарын құрғақ шүберекпен орап алуы керек. Мұндай заттар қолда болмаған жағдайда ток өткізгіш сымдарды адамның денесінен құрғақ таяқпен резеңке жіппен, құрғақ киіммен және т.б. алыстатуға болады. Токтың келуін тоқтатқаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін дереу дәрігер шақырған жөн.
  7. Электр шиттің жинақ бөлігі арнайы кіші бөлмелерде орналастырылып, сырты арнайы қораптармен бікітілуі қажет.

Өртке қарсы іс-шаралар:

  1. Майлауға арналған материалдарды сақтау бөлмелерінде таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар бөлменің сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.

Жылжымалы құрамның ТҚК және ТЖ бекеттерінің бөлмелерінде егер көлемі 5 м 3 аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ, майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.

  1. Газ баллонды автокөліктерді жер асты тұрақ-гараждарда сақтауға болмайды.
  2. Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбір 10 көлікке біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангтермен) жабдықталуы қажет.
  3. Көлік тұратын тұрақтар мен бастырмаларда, ашық алаңдарда:

- нормадан артық көлік түрлерін орналастыруға, орналастыру жоспарын бұзуға, әрбір автокөліктің арақашықтығын қысқартуға;

- шығу қақпалары мен жолдарына бөгет болатын заттардың қойылуына, ұсталық, термикалық, дәнекерлеу, сырлау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ бөлшектерді ТТ және ТЖС жууға;

- көліктердегі жанармай бактарының аузын ашық күйде ұстауға және олардан май ағып немесе тамшылап тұруына;

- көліктерге жанар май құюға және құйып алуға, жанар май ыдыстары мен жағар майлар түрлерін сақтауға (жеке меншік гараждардан басқа);

- аккумуляторларды көліктің өзінде тұрғанда зарядтауға;

- қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (от жағу, факельдер, дәнекерлеу шамдарын пайдалануға), жарық түсіру үшін ашық отты пайдалануға;

- жалпы көлік құралдары тұрағына ТТ және ТЖС, ЖГ тасымалдайтын көліктерді қоюға жол берілмейді.

  1. Автокөліктерді жөндеуге арналған бөлмелерде (газды автокөліктерде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автокөліктерге және май толтырылған картерлерге (N№1 ТҚК бойынша жұмыстарды қосқанда) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелер мен қадағалау шұңқырларын май сіңген, сүртілген материалдардан тазарту қажет.

Кез – келген жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік ережелері болады. Біздің жағдайымызда автокөлік жөндеу  зертханасындағы маңызды ережелер аталып өткен. Автокөлік жөндеу барысында осы ережелер сақталуы шарт. Кілттер, балға, домкрат және т.б құралдардың ақаулары бар болса, олармен жұмыс істеуді тоқтату шарт. Себебі жұмыс істеу барысында өте қауіпті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ахмедов Алихан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым