Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Оқушыны ғылыми зерттеу-жұмысына қалай қызықтыруға болады?"

Кайранова Айжуз
1 мин оқу 426 оқылым

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз.
Менің жауабым:
Менің ойымша, ғылыми - зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Байқау –бақылау іс –тәжірбиесі кезінде, біз машықкерлер сабақ барысында әдіскермен ақылдаса отырып оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Мысалы, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламын. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстарын ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады (ол берілген тапсырманың орындалуына тікелей байланысты).
Көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек пен ізденушілікті талап етеді.Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы немесе «Қызыл кітапқа» енген аң – құстардың түрлері және жоюылуларының себептері). Мұғалім – бағыт беруші яғни ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Бірақ бұндай ғылыми жұмыстарды бер барысында, оқушылардың жас ерекшелелігін ескерген жөн. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі бағыттар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Жұмыс соңында нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қызығушылығы оянған, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға соқпайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кайранова Айжуз

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Психология

Сендіру мен әсер ет арасындағы айырмашылық?

Мақалада сендіру мен әсер етудің айырмашылығы, адамның пікірі мен мінез-құлқына ықпалы және көшбасшылықтағы рөлі түсіндіріледі.

Кайранова Айжуз 3 мин 328 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым