Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оңтүстік Қазақстан қалаларының топографиялық орналасуы және дамуы (XIX ғ. соңы-ХХ ғ. басы)

Малдыбек Ақерке
1 мин оқу 47 оқылым

Оңтүстік Қазақстанның урбандалған өңірлерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының ерекшеліктері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көбінесе оның аумақтық ерекшеліктеріне байланысты болды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеу осы өңір тарихының, ал ол арқылы бүкіл Қазақстанның бірқатар түбегейлі проблемаларына жаңаша қарауға мүмкіндік беретіндігімен байланысты. Осындай негіз қалаушы мәселелердің қатарына: өңірдің шекарасы мен әкімшілік бөлінісінің қалыптасуы мен тарихи трансформациясы, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының өзгеруі мен  рулардың орналасуы мен географиясы жатады. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстан қалаларының аумағын қалыптастыру процестерін ғылыми негізделген тарихи-географиялық зерттеу жүргізу белгілі бір аймақтардың республиканың материалдық базасына жататындығы туралы нақты дәлел жасауға мүмкіндік береді. Дәл осы мүшелік, сайып келгенде, мемлекеттік егемендіктің негізі болып табылады. Осы аумақтық бірліктердің тарихы туралы қазақстандық тарихнамада түбегейлі зерттелген жұмыстар жоқ, бірақ Р.А. Ыдырысов , Г.Н. Ксенжик, Г.А. Жанысбековтың диссертациялық зерттеулері Қазақстан тарихын, атап айтқанда, оңтүстік, солтүстік-батыс , батыс бөліктерін ғылыми талдауда тарихи географияның жалпы әдіснамасын қолданды. Біздің зерттеуіміздің кейбір мәселелері Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы мәселелеріне арналған жұмыстарда да көрініс тапты.  Бұл жұмыста қалалардың дамуы мен халықтың әлеуметтік және этникалық құрамына жүйелі және салыстырмалы талдау жүргізу үшін біз Түркістан өлкесінің статистикасы немесе «Сырдария облысының шолуы» статистикалық материалдарды, іс жүргізу материалдары мен "Түркістан ведомостары" сияқты мерзімді баспасөз материалдарын қолданамыз. Сондай-ақ , біз КСРО-ның азия бөлігінің картасы, Түркістан өлкесінің және Сыр-Дария облысының пәнаралық талдау үшін арналған картасын қарастырдық. Осы жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан қалаларының тарихи географиясын зерделеу, белгіленген уақыт кезеңінде Оңтүстік Қазақстан қалаларының топографиялық орналасуын және даму деңгейін қарау болып табылады. Осыған сәйкес келесі міндеттер қойылды: аумақтың тарихи-географиялық сипаттамасын беру; қалалардың географиялық ерекшелігін анықтау; қалалардың орналасуы мен мақсатының ерекшеліктерін анықтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Малдыбек Ақерке

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Нира Юваль-Дэйвис. Гендер и нация.

Нира Юваль-Дэйвистің 2001 жылы жарық көрген еңбегінде гендер мен ұлттың байланысы, әйелдердің ұлттық бірлестіктердегі орны және туу саясаты қарастырылады.

Малдыбек Ақерке 2 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 26 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 038 оқылым