Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ӨМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Мерхат
3 мин оқу 45 оқылым

Мерхат РАФИХҰЛЫ

Өмірдің мәні не? «Өмірдің мәні туралыойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кімболса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралыойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүругеәрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», — депжауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақытөз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортағасалып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі.

Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғаммүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелерүшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соңартына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адамтуралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұлдүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсыіз қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайғатырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?

«Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көкаспан мен жарық күннің астында сайран салыпқалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп — же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал». Қайсысыдұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиынемес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — оләр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайынрецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлікұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудыңешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламаларбұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасайотырып, адамның болмысының абстрактілі жәнеөзгермейтінін негізге ала отырып, адамныңөмірінің мәні оның іс — әрекеттерінің негізгімақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға денқойып келгені мәлім. Бұдан дүниені руханиқұралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамныңдүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдықнормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретіндеқабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілібір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастыңқамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыданнақты жауап қайтару мүмкіндігін теріскешығаратын теориялар да жоқ емес. Ондайтұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшінөзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерініңжалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтықтұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөнібар. Адам өмірінің мәні оның әлеуметтікжағдайларымен айқындалады. Адам — белсендіәрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіпнемесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адамөмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамныңөзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыданбіріктіретін ұғым.

«Бақыт» түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. «Өмірдің мәні оны бақыттыетіп өткізуде» деген тұжырымның кез келгенадамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болсакерек.

Бақыт дегеніміз— өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығынасәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жетукүйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақытмұраттың сезімдік — эмоциялық формасы болыптабылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақтыобъективті жағдайды немесе адамның субъективтікүйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адамөмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін неніңигілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымынормативті — бағалық сипат алады. Бақыттыңмазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мерхат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Кітап рухани азық

РАФИХҰЛЫ Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Адам денсаулығына кітап оқудыңпайдасы зор екендігін де ғалымдар дәлелдеп отыр. Медицинада мидың жұмысы бүкіл…

Мерхат 2 мин 31 оқылым
Жалпы рубрика

Балағат сөз – былапыт Өмір

РАФИХҰЛЫ Мұндай әдептен тыс жағымсыз сөздің жат көрінетіндігі соншалықты, оны адамның үлкендәретінің атымен атайды. Мұндай сөз орамдарындәстүрлі ортада «шару сөз», «боғауыз сөз», «әбессөз» деп те атайды. Біреуге…

Мерхат 2 мин 54 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым