Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ӨЛКЕМДІ ӨЛЕҢІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

Алтай Ақнұр
4 мин оқу 39 оқылым

Ғылыми жетекші: Фатима Қозыбақова,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Алтай Ақнұр,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті

ӨЛКЕМДІ ӨЛЕҢІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғафу Қайырбековтің дүниеге келгеніне биыл 95 жыл толып отыр. Ақынның айтулы жасы елімізде лайықты аталып өтілетіні даусыз. Әдебиетімізді қымбат қазынасымен толықтырып кеткен ақын туралы бірер сөз. Торғай даласында дүниеге келген ақын өз тұсында «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, Қазақстан Жазушылар Одағында жауапты қызметтер атқарды. 1954 жылы шыққан «Құрдастар» атты тырнақалды жыр жинағынан кейін қырықтан астам кітабы жарық көрді. «Дала қоңырауы» атты поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар» атты жинақтары, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым жылы қабылдады. Ақын «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының иесі болды. Қазақстанның Халық жазушысы атанды.
Ғафудай ақын атамыздың 95 жылдығында менің айтпағым, мағыналы өмір жолдарынан үзік сырлары іспетті болары анық. Ақын 1984 жылы жадыраған жаз маусымында бір топ ақын-жазушылармен бірге өз тұсындағы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданында қонақта болып, табиғаты тамаша өңірлерінде апталап демалып қайтқан екен. Сол сапарының ыстық әсерінен арыла алмай қалаға барғаннан кейін «Нарынқол – Байынқол» атты жыр дастанын жазыпты. Бізге ыстық осынау туындысы 1984 жылы 18 қыркүйекте республикалық «Лениншіл жас» газетінде жарық көріпті.
Қақшиып Хантәңірінің тұрды басы,
Жарқырап бұлтпен сүрткен дулығасы.
Тян-Шанның жамыраған көп әулеті,
Қараған ауызына бір ағасы.
Ақшаңқан оң қанатта «Іле басы»,
Ай қадап піспегінің күмбезіне,
Күндіз-түн күмпілдеген сар сабасы,-деп жырлайды ақын. Мен туған Қайнар ауылынан өлеңге арқау болған Хантәңірі шыңы мен мұндалап көрініп тұрады. Біз кішкентай кезімізден сол шыңға қарай-қарай өстік. Бой түзедік. Оң қанатта күн батыс жақта «Іле басы» тауы тұр. Көпшілік бұл кеуделі, қарағайлы тауды «Лабасы» деп те атайды. Сол Лабасының басына түскен қар еріп бітпей көктем мен жаздың күні толықтай жылына қоймайды. Биік таудың қасиеті сол.
Байынқол – байтақ өзен басы қатты,
Кім білсін қанша ғасыр тасып ақты?!
Баласы Хантәңірінің бұл да өзіндей,
Ешкімнен сәлем алмас паң сияқты.
Алайда жомарттығы жұрттан асқан,
Жарылқап бергі жақты, қарсы жақты.
Белбеудей көк атлас шұбатылған,
Бойына дізіп маржан, асыл затты,-дейді ақын. Нарынқол өңірінде Байынқол деп аталатын сай бар. Сол аттас арынды өзен жыл бойы ағып жатады. Өзеннің екі қапталы ну орман, қалың тоғаймен көмкерілген. Басы Хантәңірі шыңының етегіндегі сан бұлақтан жылға тартып, арынды, ағынды, тулай аққан толқынды асау өзенге айналады. Нарынқол ауылына барған сайын осы бір тентек өзеннен көзімізді алмай өтеміз. Бас жағында алтын өндірілетін «Жарқұлақ» деп аталатын жер бар болғандықтан суының түбінде жылтырап алтын жататыны шындық. Міне, осынау өзен ақын атамыздың жадында, жанарында қалып қалған.
Басында Байынқолдың Шоған сайы,
Бар ма екен сұлулықтың соған сайы.
Үш қатар кілем іліп тастағандай,
Тян-Шәннің күміс шырша, қарағайын.
Көрсетпес шыңның өзін биіктігі,
Аспанға білектерін созған сайын.
Ауаға тояр емес өкпе, шіркін,
Дегендей «осы арадан қозғалмайын»,-дейді ақын толғана тіл қатып. Рас, менің туған өлкемде Шәлкөде, Шұбартал, Көккемер, Ойқарағай секілді әдемі жайлаулар, Шоғансай секілді табиғаты таңғажайып өңірлер жетіп-артылады. Ақын жырына қосқан Шоғансай соның бір парасы ғана. Шаруашылықтар тұсында да сырттан, алыстан ат арылтып келген қонақтарды Шоғансайда демалдырған екен. Қазір де сондай. Дәл қазіргі таңда Хантәңірі, Шоғансай, Шұбартал, Қарасай жақта заманауи демалыс орындары көз тартады. Әлі де Ғафу атамыздай қадірменді қонақтарды сол жерлерге апарып, саумал таза ауасымен демалдырып, сары қымызымен күтіп жатады.
Мұқаш-ау, сен қайдасың, мен келгенде,
Сағыныш сар бесігі тербелгенде.
Дауысым көп қарлықты айқай салып,
Жалынып сәлем айтып желден желге
«Бір болса – Шалкөдеде болар» - деп ем,
Көзіме көрінбедің бұл жерден де.
«Уа, Ғафа! Біз азбыз ғой!» - деуші ең бауырым,
Бұл тағдыр сол сөзіңді жөн көрген бе?
Қолыннан сусын берші, айналайын,
Сол ағаң еліңе кеп шөлдегенде!
Деп едім сенің ашық кеудең екен,
Көк жазық көз алдымда көлбегенде.
Деуші едің: «тау мен дала аман болсын!» -
Кейбіреу бізге пәтер бермегенде.
Дәл қазір соның бәрі еске түсіп,
Кім нансын оңашада еңірегенге!,-дейді ақын жыр дастанының соңғы жақтарында. Рас, ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны атанған Мұқағали жырына қосқан Шалкөдені көргенде, қасиетті Қарасаз ауылы мен Елшенбүйректі, Айғайтас пен Шәкірмабалды, Шоқан асқанды көрген ақынның осылайша тебірене тіл қатуы жарасып тұр. Айтқанының, жүректен қозғағанының бәрі шындық. Мұқағалидың көзі тірісінде көрген қиындықтарын сөз етіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, Ғафу Қайырбеков атымыздың бір сапарынан жазған «Нарынқол – Байынқол» атты туындысын тебіренбей оқу мүмкін емес. Осынау өлең жолдары, жырмен жазылған толғанысы арқылы ақын туған еліміздегі қастерлі де қасиетті кең байтақ жеріміздің жақсылығын паш етті. Өлмес өлеңімен Нарынқол өңіріне ескерткіш қойғандай болды. Ақын есімі сол үшін де Аспантаулар өлкесіндегі ел мен жұртқа ыстық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алтай Ақнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым