Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кім айтар?

Қабан Асанұлы · 23 жол

Күңіреніп өткен күндерді,
Түнеріп өткен түндерді
Түнек емес деп кім айтар?
Сый қылмасаң халқыңа,
Келе алмасаң қалпыңа,
Түсе алмасаң салтыңа,
Жүре берсең салпылдап,
Төрт құбыласы тең екен
Дегенді саған кім айтар?

Желмаямен жортпасаң,
Жампоз жүгін артпасаң,
Адырнадай ширығып,
Серпіле бір тартпасаң,
Елдің де сыйы түзелмес,
Ердің де сыры түзелмес.

Көш, көш елім, көш елім,
Көше де жүріп түзелдім.
Көше де жүріп күзелдім.
Көшуде туған нәресте,
Қалды ғой есте әр нәсте.
Салмағын елдің көтеріп,
Демікпей алға кетер нық,
Ширығып белге жетер нық.

Жыраулар поэзиясы

Барлық 69 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері