Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланның кедейлік жайлы кейбір сөзі

Қобылан Бөрібайұлы · 21 жол

Кедейлік, ер екенсің мені жеңсең,
Көзіңді жоғалтар ем енді көрсем.
Бар байлық сұрағаным – денсаулығым,
Өз обалым өзіме аштан өлсем.

Көп екен көргенімнен көрмегенім,
Күнəмді көрмегенім, өлмегенім.
Дүниеден көзім ашық өтер едім,
Малдан зекет, көп қайыр бермегенім.

Қобыланның боталы түйесі бар екен. Ботасының атын
«Қауажақ» деп қояды. Жаман бота енесіне ере алмай, өріске
жете алмайды. Енесі қайта-қайта келіп, емізіп тұрса керек,
соған айтқаны:

Қауажақ жете алмайды өрісіне,
Өлсе, томар бояу кіреді-ау терісіне.
Мал-басы кей адамның өлмей өсед,
Міне, қара, Құдайдың берісіне.

Тағы бір сөзінде:
Бəлеге мың бір атты кім жетеді,
Түйені алып, сиырдан дəметеді.
Қосамын ептеп-септеп уақ-суақ,

Өспек түгіл, көтінен кер кетеді.

Қобылан Бөрібайұлы өлеңдері

Барлық 6 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері