Қобылан ақынның ұрыларға айтқаны
Қобылан Бөрібайұлы · 24 жол
Кім екенін білмеймісің келбетімнен,
Құдай, Құран, Мұхаммед үмбетімін.
Кісі өлтіріп, жазықсыз ерді тонап,
Тəңірі алдына барасың, антұрған, не бетіңмен? –
деп айтқан соң, ұрылар атының басын тартып тұра қалып, –
қой, мынау, Қобылекең екен, осыдан аулақ-ақ тұрайық, –
деп жүріп кетіпті.
Қобылан ақын – өте кедей болған адам. Жайлауға елмен
бірге көше алмайды. Жатақта қалады. Əкесі ақын Бөрібай
өліп қалған кезі. Қобылан далаға шықса, тау жағында өрт
көрінеді. Қобылан шешесіне келіп: – Өрт келе жатыр,
нəрсемізді өзенге қарай сүйреп апарайық, – депті. Шешесі
жас баланың сөзін бір жағынан елемейді, өртке қарайды
да: – Келе қоймас, жата тұрайық, – депті. Сөйткенше өрт
келіп қалыпты. Нəрселері күйіп кетіпті. Сонда Қобылан
ақынның айтқаны:
Кебежем күйіп кетті сөресімен,
Ішінде құрт-май деген бір асымен.
«Келмейді», – деп бұл өртті əжем айтты,
Өзектің келіп қалды жырасымен.
Ешкі деген малымыз ұлақ қана,
Сауып алса, борбайы бұлақ қана.
Қаймағы мен қаспағы тым-ақ тəтті,
Бағарында бағармыз жылап қана.