Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Келіні мен баласы туралы айтқан сөзі

Қобылан Бөрібайұлы · 16 жол

Қара жорға атанған қайран күнім,
Қанша жорға болсам да, шықты мінім.
Бала ержетіп аяқтан алғаннан соң,
Ағайынға кетеді-ау енді сыным.

Үлкен баласы бөлек үй болып, кенже баласының қолы на
шығады. Келін мен бала онша дүзу қарамайтын болса керек.
Сонда айтқаны:
Баланың ең жақсысы кенжесі екен,

Тəтті, дəмді бар болса, сол жесе екен.
Қатын алып, баланы үйлеген соң,
Кəрісін жақтырмайды, ол несі екен?!
Келініне айтқаны:

Кəрілік, шіркін, келдің кезіменен,
Келін жақсы көрмейді көзіменен.
Тарсылдатып таяқпен ұрмаса да,
Ұрғандай ғып жүреді сөзіменен.

Қобылан Бөрібайұлы өлеңдері

Барлық 6 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері