Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Зуһра

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 25 жол

Зуһра деген қыз бала,
Беті – алма, жүзі – Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі – құралай.

Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!» – деп,
Жалынып көктен сұрайды.

Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.

Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.

Көз ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.

Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын – Зуһра бол!

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері