Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жел

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 24 жол

«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!» – деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.

Байқаймын: жел ұзақ жолда жабыққан,
Қасірет басып, Сарыарқадан тарыққан
Алып келсе керек ауыр аманат
Абақтыдағы азаматқа зарыққан.

Терезеден үйге кірмек болады,
Аманатты қолдан бермек болады.
Жол бермеген қатты қара темірді,
Ызаланып, зуылдап кеп ұрады.

Үй сілкініп, құлағандай болады,
«Жіберші!» – деп сұрағандай болады.
Қуат кеміп, қажыған соң, жүйрік жел
Өксіп-өксіп жылағандай болады.

Дене күйіп, желге құлақ саламын,
Жанып жүрек, көзіме жас аламын.
Жібермейді қара темір қайырымсыз
Еркін дала, Сарыарқамның сәлемін.

«Тәңірі ием, атпады ғой таңың!» – деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тыста соғып жел уілдеп тұр гулеп.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері