Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сәуле

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 28 жол

Көрісе алмай зарығып,
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі – көңіл мас.

Мөлдіресіп көздері,
Бір-біріне қарайды.
Қысқа болды сөздері,
Жылы у бойға тарайды.

Ауызға ауыз тиісті –
Денелері балқыды.
Тілден тәтті сүйісті –
Жүрек жанды, шалқыды.

Ыстық лебіз сүйгенде
Өртегендей жүздерін.
Енді дене күйгенде
Ашты екеуі көздерін.

Оянысса, адам жоқ,
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір-бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.

Есінеп, бір керіліп,
Қайта тағы жұмып көз:
«Ұйқымды, сәуле, бұздың!»,– деп,
Жатты жамылып сұлу қыз.

Абақтыда оянып,
Жігіт «уһ» деп дем алды.
Көрген түске жұбанып,
Сәулеге алтын қуанды.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері