Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қызыл жалау

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 30 жол

– Жалынды жалау кімдікі?
– Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия –
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

– Қызыл шоқ жалау кімдікі?
– Кімде-кім: «Тәңірім – от,– десе,–
Басқа Тәңірім жоқ»,– десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

– Қызыл шоқ жалау кімдікі?
– Кімде-кім шикі қан жұтса,
Қан аңсап жүріп шаң жұтса –
Қызыл қан жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

– Қанды жас жалау кімдікі?
– Кімнің ұлы құл болса,
Тұлымдысы тұл болса –
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

– Өртенген жалау кімдікі?
– Кім өртенген гүлдемей,

Кім таланған, кім кедей –
Өртенген жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

– Азаттық жалау кімдікі?
– Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік –
Азаттық жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері