Ескі Түркістан: Ескі шаһар
Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 20 жол
Ескі шаһар – таң дүние,
Салар болсаң назарың,
Не көресің?
Көресің –
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
Не көресің?
Көресің –
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
Не көресің?
Көресің –
Ыңыл-жыңыл базарын –
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
Не көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!