Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тас

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 24 жол

Көгілдір,
мөлдір көк аспан -
Көлеңке,
сәуле ойнағы.
Ойнаса онда
жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт
қашу -

Жігіт-қыз айтса,
тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір
мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға
соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір
нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері