Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұршық

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 21 жол

Сыртылдама он саусақ,
Майдалап, мапа түтілші.
Шыртылдама шынашақ,
Шыр айналшы, шүйке ілші.
Оймышты ұшқат, ырғай сап
Ұршығым,
сені қолға алам.
Ұршығым ұшқыр, нар тайлақ,
Жез бұйдалы
– желмаям.

Желмаям, желші нар тайлақ,
Тартына берме тайтаңдап.
Тартына берсең тайтаңдап,
Тақымдап
қоям қайта айдап.
Қыла ма жалқау
жарлылық,
Қылмаса ділгер жүн
азы.
Екілен, зырла енді ұршық,
Иірейін биязы.

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері