Бурылтай (I түрі)
Біржан сал Қожағұлұлы · 1834–1897 · 11 жол
Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға жүгіртіп шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.
Қайырмасы.
Ақау бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қ,ош есен бол, құрбым-ай!
Құрбылықпен жүрдім-ай,
Ақау айдай, жариям айдай,
Жардың көңілін қалдырма, қыз қалқатай.