Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ойыншықтар дүкені»

Bilimger Media
3 мин оқу 822 оқылым

Ашық ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: Балаларды топтағы ойыншықтар түрлерімен таныстыру, ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту.
Білімділік: Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін зейіндерін, тілдерін ойын арқылы дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, сүйікті ойыншығын күтіп ұстауға тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын ойнату, мақтап-мадақтау.
Қолданылатын көрнекілік: Ойыншық,машина,доп,ыдыс-аяқтар,қуыршақ Қостілдік компоненті: Ойыншық- игрушка-, toy,дүкен-магазин- shop

Әрекеттің
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялы
ынталандыру кезең І.КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Амаңсың ба, Алтын Күн!
Амаңсың ба, Көк Аспан!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амаңсың ба, достарым!
Шаттық шеңберіне тұрып, табиғатпен, достарымен амаңдасады.

Ұйымдастыру
–
ізденіс кезең ІІ.Негізгі бөлім
-Балалар, сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Немен ойнайсыңдар?
-Қандай ойыншықтарды білесіңдер?
Тосын сый:
Есік қағып ата кіреді.
Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен немерелеріме қонаққа барайын деп едім, қандай сыйлықтар аларымды білмей тұрмын, не істесем болар екен?
Тәрбиеші: Ата, біз сізге көмектесеміз.
-Балалар, атаға көмектесеміз бе?
Олай болса, қазір біз ойыншықтар дүкеніне барамыз. Атаның немерелеріне ойыншық таңдап береміз.
Балалар,біз дүкенге автобусқа отырып барайық,мен –жүргізуші боламын, ал сендер тезірек орындарыңа отыра қалыңдар.
-Мінеки, біз «Ойыншықтар» дүкеніне де жеттік.
Қараңдаршы, дүкенде қаншама әдемі, әсем ойыншықтар бар.
Сендер олардың қалай аталатынын білесіңдер ме?
Мынау ойыншық қалай аталады?
Дұрыс, доптың түсі қандай?
-Пішіні қандай?
-Доптың қимылы қандай?
Қане, барлығымыз допша секірейік.
-Доппен кімдер ойнайды?
Мен сендерге доп туралы тақпақ оқып берейін,ал сендер менімен қайталаңдар.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу түр.
Оңға - оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық. Билингвалды компонент:Ойыншық- игрушка-, toy,дүкен-магазин- shop
-Балалар, мұнда әдемі қуыршақтар бар екен.
-Қуыршақ үстіне не киіпті?

-Қуыршақпен кімдер ойнайды?
-
Қуыршақ қалай жүреді, қанеки қуыршақтың жүрген қимылын көрсетейікші.
-Балалар, бұл жерде көптеген ойыншықтар бар.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер қандай ойыншық екенін айтыңдар:
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шәй құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Оның бәрін не дейміз?
-Дұрыс айтасыңдар, әрине ыдыс-аяқ .
-Ыдыс-аяқты біз не үшін қолданамыз?
Мен тағы бір жұмбақ жасырайын, ал сендер қай ойыншық екенін айтыңдар:
Көшеде жүреді кішкентай үйлер,
Сол үйді жүргізушілер жүргізер.
-Дұрыс таптыңдар,ол-машина.
-Машина не үшін керек?
-Машинамен кімдер ойнайды?
Енді атамызға осы ойыншықтардың ішінен ойыншықтар таңдап берейік.
Иә,жақсы көреміз.

Ойыншықтармен ойнаймыз.

Атамен амандасады.

Иә, көмектесеміз.

Балалар орындарына отырып, «ойыншықтар» дүкеніне барады.

Дүкендегі ойыншықтарды атайды
Доп,түсін атайды.
Дөңгелек.
Доп секіреді.
Орындарында секіреді.
Балалар ойнайды.

Тақпақты қайталайды.

Қимылдар көрсетіп, сергіту жасайды.

Үш тілде қайталайды.

Қуыршақтың киімдерін атайды,
Қуыршақпен қыздар ойнайды.
Қуыршақтың жүрген қимылын көрсетеді.

Жұмбақты мұқият тыңдайды
Ыдыс-аяқ.

Ыдыс-аяқпен тамақ ішеміз.

Машина.

Алысқа тез жету үшін.
Машинамен ұлдар ойнайды.
Атаға ойыншықтарды таңдап береді

Рефлексиялы
-
түзету кезең ІІІ.Қорытынды бөлім
-Балалар,бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
-Ойыншықтар дүкенінде қандай ойыншықтар бар?
-Атаға қандай ойыншықтар таңдап бердік?
Д/О:»Не өзгерді»
Тәрбиеші үстел үстіне үш төрт ойыншықты қойып, балалардың көздерін жұмуларын сұрайды да,ойыншықтардың орнын ауыстырады немесе бір ойыншықты алып тастайды.

Ата балаларға рахмет айтып, қоштасады
Балаларды мақтап мадақтау.

Иә ұнады.

Ойыншықтарды атайды.

Атаға таңдап берген ойыншықтарды атайды.. Балалар қайталап үш төрт рет ойнайды.

Атамен қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Ойыншықтар түрлерін,үйренген сөзден сөйлем құрай білуі.
Болу керек: «Ойыншықтар» ұғымы жайлы түсініктері.
Істей білу керек: Ойыншықтар арқылы түрлі қимыл-қозғалыс жасай алуы; дыбыстарды дұрыс, анық айта алуы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым