Мазмұнға өту

Ойын технологиясы арқылы жас ұрпақ тәрбиелеу

Джетписова Женисгуль Мырзабековна 4 мин оқу 825 оқылым

Джетписова Женисгуль Мырзабековна

Ойын технологиясы арқылы жас ұрпақ тәрбиелеу

 «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А. Сухомлинский

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің  болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен  көрінеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 % жету туралы индикаторлар белгіленген. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың

ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына

сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер

жасалуда. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін

арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал

бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын

технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл

болмақ.

Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір

шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу

жетіліп қалыптасады.

Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті,

дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі балабақшада ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:

жеке технология ретінде;

тақырыпты ұғып меңгеру үшін;

кең көлемді технология бөлігі ретінде ;

сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері /кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу орындау,

бақылау;

Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы  құрылып, балалардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.

Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда

жүргізіледі:

дидактикалық мақсат балаларға ойын түрінде

беріледі; оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;

оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, қорыту қызметіне жарыс ретінде  кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;

дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдк, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.

Б.П. Никитин бойынша ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту

ойындарынан тұрады. Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық

ерекшеліктерін игереді. Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады, олады балалар

кубтар, квадраттар, ою-өрнектер, бұйым бөлшектер арқылы шешеді. Сондықтан да

ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін  ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)  үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи  заттарды қолдану арқылы өті леді.  Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, қима суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті  құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз

мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра»,

«Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды

қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар»,

«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу

тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу,

тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және  саусақ бұлшық етін дамытады.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды

талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау

ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.

Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және

олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры

дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп,

ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Тұжырымдай келе күнделікті өмірде сабақтарда және сабақтан тыс бос уақытта

қолданатын ойындар балалардың білім деңгейін дамытып қана қоймай өй-өрісін,

болмысын, тілдерін дамытатынын көруге болады. Ойын бала тілінің дамуына

ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын

ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде  бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық  дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге  деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай  білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер  сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту. /А.Е.Алдабергенова. // Бала мен

балабақша. – 2002. - №1. – 9 бет.

400

  1. Омарова Р. Шығармашылық – басты мақсат //Баст ауыш мектеп. – 2006. - №3. – 30-

32 бет.

  1. Құсайынова З. Балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту //

Бастауыш мектеп. – 2000. - №4. – 23-25 бет.__

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Джетписова Женисгуль Мырзабековна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин

Пікірлер (1)

  1. Динара

    Ойын бала ойын өсіретін бір ден бір құрал .Мына жазылған баяндама жас ұрпақты тәрбиелеуде беретін жемісі мол .Бала тәрбиелеудігі ең маңыздысы бала ойына түсіндіре және ойынға деген қызығушылығын арттыру.