Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Облыстық семинар өтті

Жансая
2 мин оқу 464 оқылым

Облыстық семинар өтті

«Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ң  директоры А.Қ.Салмарбекова басшылығымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық қызметінің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Аталмыш семинарға Жамбыл облысынан  40 маман қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты  әлеуметтік-педагогикалық консультатция беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған педагогикалық-психологиялық проблемаларды дұрыс бағытта және дұрыс  түсінуге білікті көмек көрсету; әлеуметтік – медициналық қызмет алуына   көмек көрсету олардың денсаулығының сипатын , физикалық және психикалық  жай күйін ескеріп қызметтерін уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету; әлеуметтік –мәдени қызметте балалардың ой - өрісін  кеңеюіне шығармашылық  белсенділігін  арттыруына мүмкіндіктер  туғызу болды. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» бас маманы Досалиев Нұрбол Бейсенұлы семинарды құттықтау сөзімен ашып берді.

Тәрбиеші А.М.Мадимарова ІІ деңгейдегі балалармен «Үй жануарлары. Төрт түлік» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, мамандарға жаңа технологиялық әдістемесімен бөлісті.

Сонымен қатар, дефетолог мұғалімі А.Н.Сейтхожаева «Асық әдістемесі» бойынша ІІ-деңгейдегі Төлеген Қуанышпен жеке жұмыс өткізді. Асық  табиғи зат  болғандықтан, бала денсаулығына еш  зиянын  тигізбей,  баланың шапшаң, епті болуын және ұсақ қол моторикасын дамытты.

Ал, логопед А.А.Бакембаева «Ғажайып әлеміне саяхат» тақырыбындағы ІІ деңгейдегі Бірлік Кәусәрдің «Р» дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, көру және есту қабілетін дамытып, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастырды.

Психолог А.А.Тельжигитова «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренингпен жалғастырды.Ондағы мақсаты қатысушы мамандарға жақсы көңіл-күй сыйлау және ұйымшылдықпен қатысуға шақыру болды.

Мәдени ұйымдастырушы Г.Б.Султанова концерттік бағдарламаны өткізіп,  балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлап, балаларды көпшілік ортаға бейімдеді. Измағанбетов Альмухамед «Тәтті ару» әнін орындап, Шакишева Дияна «Бақыт құсы», Төлеген Қуаныш маманмен бірге «Стиляги», Алтынхан Бағлан «Періштелер» биін тарту етті. Келген қонақтар балалардың өнерлерін  тамашалады.

Семинар соңында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды. Семинар жақсы деңгейде өткізілді.

Әдіскер: Амангелді Ж.Е.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Жансая

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

«Бала тәрбиесіндегі ертегінің рөлі».

Мақалада қазақ ертегілерінің түрлері мен бала тәрбиесіндегі маңызы, тілдік қорды дамытуға және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпалы қарастырылады.

Жансая 2 мин 80 оқылым
Ашық сабақтар

День первого Президента Республика Казахстан

Мектепке дейінгі балаларға арналған сабақта Отан, мемлекеттік рәміздер мен Бірінші Президент күні туралы әңгіме қозғалып, ән мен өлең ұсынылады.

Жансая 2 мин 254 оқылым
Ашық сабақтар

Ю дыбысы мен әрпі

1-сыныптың сауат ашу пәніне арналған ашық сабақ жоспары. Оқушылар Ю әрпін танып, дыбыспен сәйкестендіреді, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Жансая 5 мин 698 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 443 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым